• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Қоғам » «Адырна» қандастар мәселесі бойынша құзырлы мекемелерге хаттар жолдады

    «Адырна» қандастар мәселесі бойынша құзырлы мекемелерге хаттар жолдады

    Алматыдағы «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласы, Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Отан оттан да ыстық!» жобасын қолға алды. Жоба аясында шеттен келген қандастарға арнап кәсіп бастау, тілдік, құқықтық курстар ұйымдастырылып келеді.  Қандастарымыздың, әсіресе азаматтық алуы өте күрделі мәселелердің бірі.

    Сондықтан Қазақстан Республикасының Сенатына, «Нұр Отан» партиясына және Алматы облыстық ІІБ Көші-қон басқармасына хаттар жолдады. Болашақта осы хаттарға алынған жауаптарды «Адырна» ұлттық порталынан оқи аласыздар.

    ҚР Парламенті Сенатының

    Төрағасы Қ. К. Тоқаевқа,
    ҚР Парламенті Мәжілісінің
    төрағасы Н. З. Нығматулинге,
    Парламенттің барлық депутаттарының назарына
     
    Ашық хат 

    Биыл «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласы, Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Отан оттан да ыстық!» жобасын қолға алды. Жоба аясында шеттен келген қандастарға арнап кәсіп бастау, тілдік, құқықтық курстар ұйымдастырып келеді. Бұдан тыс құқықтық кеңес беру, заңдық тұрғыдан қолұшын беру сынды міндеттерді аталған ұйым өз мойынына алды. Және мұндай қызметтерді тегін ұйымдастырып келеміз. Біздің негізгі көтергелі отырған мәселе – бұл жұмыстардың қалай, неге ұйымдастырылуында емес, оралмандардың бүгінгі бетпе-бет келіп отырған бір қатар қиындықтар турасында болмақ. Ал, біздің жоба туралы атап өтуіміздегі басты себеп – тек сіздерге мән-жайдың түсінікті болуы үшін қысқаша таныстырғанымыз еді. Сөздің шыны керек, біз бұған дейін қандастар мәселесін қоғамдық белсенді ұйым ретінде жай ғана проблемалар қатарында түсініп келіппіз. Тіпті, білмейді екенбіз. Себебі, олар БАҚ өкілдері арқылы өз мәселелерін көтеруді, талап етуді білмеген. Салдарынан біз ғана емес, Қазақстандағы ұлтым деген қоғамдық кез келген ұйым олардың қиындықтарынан хабарсыз. Оралмандар мәселесін тиісті мекемелер ғана естіп, біледі екен. Біздің соған көзіміз жетті. Бұған дейін баспасөз бетінде жиы айтылып келген Сайрагүлдің соты сияқты айтулы оқиғаларға ғана алаңдап келіппіз. Дәл осы салғырттығымыздың салдарынан қаншама қандасымыз құжаттық қиындық көріп келеді. Шекарадан заңды құжатымен, екі мемлекеттің рұқсатымен келіп, енді не оралман куәлік ала алмай, оралман куәлік алса азаматтық ала алмай сабылып жүрген қандастардың бүгінгі хал-ақуалын, жоғарыға, яғни сіздерге жеткізуге кірістік. Бұған себеп — «Адырна» бірлестігіне келіп түскен хаттар легі. Біз қандастарға құқықтық көмек беруді бастаған кезде-ақ, жедел желі (+7708 808 77 08 және +7 727 983 51 33) және www.qandastar.kz сайтын іске қосқан едік. Аталған желіге хабарласқан және жазбаша хат жолдағандар саны күн санап артып келеді. Мәселелер легі төмендегідей:

    1. Оралман куәліктің уақыты өтіп кеткендер. (Оралман куәліктің уақыты өтіп кеткеніне 6 айдан асқандар мүлдем азаматтық ала алмайды)
    2. Азаматтық немесе ықтияр хатқа құжат тапсырғандар. (Бұлардың алды бір жылдан асып кеткендері бар. Әліге дейін не азаматтығы жоқ, не құжаттар жоқ сабылып жүргендер)
    3. Паспорттарының уақыты өтіп кеткендер (әр түрлі жағдайларда).
    4. Визасының уақыты өтіп кеткендер.
    5. Қытай Халық Республикасынан уақытша сұранып келгендер. (Бұлар 2-3 ай немесе белгілі мерзімге сұранып келеді екен. Және Қытайдағы тіке туыстарының бірін кепілге қойып кетеді. Егер аталған уақытта Қытайға қайтпаған жағдайда әлгі кепілдегі туысын «Саяси үйренуге» алып кетеді. Ал, дер кезінде қайтып барса «Қазақстанға шыққаны үшін» өздерін ұстап әкетеді. Біз енді Қытайдағы саяси жағдайларға араласуға еш мүмкіндігіміз жоқтығын ескере отырып, ел ішінде осы мәселелерді жедел реттеу жолын қарастырсақ.)
    6. Еліміз азаматтығын алған Қытайдан келген қандастарымыз үшін Қытайдағы құжаттарының түпнұсқасын (Нопос деп аталатын) өшіру мәселесі. (Оларға нопосты өшіремін Қытайға деп барса, «сен екі ел азаматысың» деп шекарадан өткен бойда ұстап алады. Ал, өшірмеген жағдайда Қазақстан полицейлері арқылы ұстап әкетеді. Қалай болмасын Қытай құрығына түседі.)
    7. Еліміздегі көші-қон бөлімшелерінің қызметтін асыра пайдаланушылық. Оралмандарды қабылдауда, құжаттарын реттуде салғырттық танытуы. (Бірде база істемей тұр, бірде бастық жоқ, енді бірде құжаттарың толық емес деген сияқты сылтауларға көп салынатыны анықталды. Салдарынан делдалдардың жұмысы жүріп тұрған көрінеді. Бүгінде оралмандар құжат тапсырудың жалғыз жолы – делдалдар деп түсінеді. Біз мұны еш дәлелсіз айтып отырғамыз жоқ. Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Шелек ауылынан келіп түскен 40-тан астам арыз-шағымдар негізінде қандастраға көмек беру мақсатында барғанымызда көз жеткіздік. Жай ғана: «қандастардың азаматтығы жылдан асыпты не себеп болып тұр екен, базадан қарап, мән-жайын анықтап бере аласыз ба?» деген сауалымызға есік-терезесін тарс жауып, жауап бермей қашқан басшылықтың әрекеті ойландырып тастады. Ашықтықтан қашудың өзі жемқорлықтың салдары деп түсндік. Өйткені, азаматтыққа құжат тапсырып жыл бойы сабылып жүрген қандастардың жалғыз арманы – «ҚР азаматтығы қашан шығады екен?» ғана. Ал, сол бір жапырақ шешімнің шыққан-шықпағанын сұрап көші-қон бөлімшелеріне барса, жауап бермей жалтарудың еш реті жоқ сияқты. Әр қандас өзінің тапсырған құжатының қай уақытта дайын болатынын біліп отыруға тиіс.)

    Құрметті депутаттар, қадірлі құзырлы орган басшылары! 

    Біз жоғарыда аталған мәселелерді қарастыра, талқылай келе мынадай шешу жолдарын қарастырамыз:

    1. Оралман куәлігінің уақытын бір жылға ғана емес 4-5 жылға созу немесе уақыты өтіп кеткендерді алты ай ішінде емес кез келген уақытта бір жылға қайта ұзарту. Тіпті, керек болса оралман куәлігінсіз азаматтыққа құжат тапсыру мәселесін қарастыруды. Ықтияр хат пен оралман куәліктің азаматтық алуға еш қатысы жоқ болуын сұраймыз. Аталған екі құжат та қандастарымыз азаматтық алмаған жағдайда елімізге келген шетелдік өзге ұлт өкілдерінен мәртебесі жоғары екенін айшықтайтын статус болып табылады. Керек десеңіз кейбір мүмкіндіктерді ҚР азаматтарымен тең құқылы игіліктену үшін берілуге тиіс. Сондай-ақ, түрлі әлеуметтік көмек қаражаттар мен квота алу үшін керек. Ал, «бірден азаматтық аламын» — деген адамға ондай құжаттың керегі не? Қандастар келген бетте оралман болып сабылып жүргенше азаматтық алып, ел қатарлы күн көргендері әлде қайда тиімді емес пе?
    2. Ықтияр хат пен азаматтыққа шешімді заң бойынша ары кетсе 6 ай ішінде қандастарымыз қолға алуға тиіс. Онда неге бір жарым жылға жуықтаған қандастарымыз бар осы мәселемен сабылып жүрген?. Мұның шешімі, тиісті мекемелердің, көші-қон бөлімшелердің қызметін жақсарту. Бейнекамераларды көптеп орнату. Онлайын бақылауды күшейту. Ондағы заңсыздыққа, салғырттыққа, ұқыпсыздыққа қатаң тиім салу керек. Тіпті кейбір құжаттардың өзі осы көші-қон бөлімшелерінде жатып уақыты өтіп кеткен жағдайлар тіркелген. Қандастардың құжаттарын қабылдаған кезде қабылдаған уақыт көрсетілген анықтама бермейді екен. Салдарынан көптеген бауырларымыз құжаттарының уақыты дәл осы көші-қон бөлімшесінде «қараусыз жатып өтіп кеткенін» дәлелдей алмай қиналуда. БІЗДІҢ ҰСЫНЫС: аудандық көші-қон бөлімшелерін онлайын бақылау немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына орналастыру. «Бір терезе» қызметінің игілігін қандастарда көруге тиіс.
    3. Паспорттың уақыты өткен жағдайда Қытайға шықпай-ақ, еліміз ішінде реттеу жолын қарастырып, заң тетіктеріне өзгертулер енгізу керек. Себебі, Қытайға қайтқан қандастардың қайтып келуі екі талай.
    4. Визаның уақыты бітпей тұрып, 15 күн бұрын ел ішінде ұзартып беру жолын қарастыру керек.
    5. Қытайдан уақытша сұранып келгендердің тағдыры қиын екенін жоғарыда түсіндірдік деп ойлаймыз. Оларды аман алып қалудың жалғыз жолы – ҚР азаматтығын беру.
    6. Нопосты осыдан екі жыл бұрын еліміз шекарасынан шықпай тұрып, вичать әлеуметтік желісі арқылы қолхат арқылы өшірту мүмкіндігі болған. Сол мүмкіндікті қайта қалпына келтіру жолдарын қарастыру керек. Нотариялды құжаттар арқылы көмектесу жолдарын іздеу.
    7. Көші-қон қызметін жақсартудың жолы жоғарыда айтқанымыздай: аудандық көші-қон бөлімшелерін онлайын бақылау немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына орналастыру. «Бір терезе» қызметінің игілігін қандастарда көруге тиіс. Немесе қоғамдық бақылау жүйесін, ашықтық қызметін іске қосу керек. Әр басшы немесе қызметкер өзі қандай құжат тапсырып алды, қандай қиындықтарға тап болды және оны қалай шешіп бергені туралы ашық мәліметтер беріп отыру керек. Сонда дәл сондай қиындыққа тап болған басқа қандасымыз да хабардар болып, ақпарат алып отыратын болады.

    Құрметті депутаттар, қадірлі құзырлы орган басшылары! 

    Елбасы ішкі-сыртқы көші-қонға ерекше назар аударып отырғанын бізден де жақсы білесіздер.  Себеп – солтүстікті қазақыландыру, ел іргесін бекемдеу, адам капиталын жақсарту жолдарын айрықша қолға алу болатын. Сол үшін тіпті шексіз тәуекелге барып, ел экономикасы аумалы-төкпелі тұста Алматыдан Арқаға ауды. Астананы көшірді. Ел есін жимай, сонау тәуелсіздік алған жылдары әлемдегі барша қандасын шақырды. Мінеки дәл осындай көрегендіктер мен кемел саясаттың арқасында ел іші өнерге, мәдениетке толысып, халық саны артты. Бұдан ұтпасақ ұтылмасымыз, анталап тұрған көршілерімізге жұтылмасымыз анық. Оның бәрін жіпке тізіп, айтып отырудың реті жоқ шығар. Бірақ содан бері миллионға жуық қандасымыздың көшіп келіп, ел азаматтығын алғанын атап өтпеске болмас. Қазірде Қытайда 1,5 млн-ға жуық, Өзбекстанда миллионның айналасында, Ресейде 650 мыңға жуық, моңғолияда 100 мыңнан аса, Түркіменде 40 мың, Қырғызда 32 мың (мәліметтер викифедиядан алынды) қазақ барын ескерсек біздің қазіргі қандастар үшін «Қағаз бастылығымыз» Президент күткен үмітке кері қызмет ету болып табылмай ма деген де ой келеді. «Отан үшін» деп келген бауырларды азаматтық бермей сабылтып қоюымыздың өзі ар сотының алдында «күнә» болмай ма? Әрине, заңнан асып, шеңберден шығып, еш тексерусіз азаматтық бере берудің өзі қатерлі болуы ықтимал. Ондай мүмкіндікті өзге ұлт өкілдері мен «жат пиығылды» жауыздар өз мүдделеріне пайдаланып кетуі де ғажап емес қой. Сондықтан, біздің талабымыз – басқа-көзге қарамай «мә азаматтығың» деп ұстата беру емес, азаматтық алудың жолындағы басы артық құжаттарды азайту. ҚР азаматтығын алуға кедергі жолдарды заң шеңберінде реттеу керек деп есептейміз. Елбасының сарапдал саясатына үн қоса отырып, тарыдай шашылған қазақтың тезірек оралуына «жәйлі жағдай» жасаудың тетіктерін қарастыру болмақ. Төменде бізге келіп түскен өтініш-арыздардың тізімін ұсынбақпыз. 

    ЕКІНШІ ХАТ:

    «Нұр Отан» партиясының

    Бірінші орынбасары

    М. С. Әшімбаев мырзаға

    Құрметті Мәулен Сағатханұлы!

    Биыл «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласы, Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Отан оттан да ыстық!» жобасын қолға алды. Жоба аясында шеттен келген қандастарға арнап кәсіп бастау, тілдік, құқықтық курстар ұйымдастырып келеді. Бұдан тыс құқықтық кеңес беру сынды нақты міндетті аталған ұйым өз мойынына алды. Және мұндай қызметтерді тегін ұйымдастырып келеміз.

    Шекарадан заңды құжатымен, екі мемлекеттің рұқсатымен келіп, енді не оралман куәлік ала алмай, оралман куәлік алса азаматтық ала алмай сабылып жүрген қандастардың бүгінгі хал-ақуалын, жоғарыға, яғни сіздерге жеткізуге кірістік. Бұған себеп — «Адырна» бірлестігіне келіп түскен хаттар легі. Біз қандастарға құқықтық көмек беруді бастаған кезде-ақ, жедел желі (+7708 808 77 08 және +7 727 983 51 33) және www.qandastar.kz сайтын іске қосқан едік. Аталған желіге хабарласқан және жазбаша хат жолдағандар саны күн санап артып келеді. Дәл сондай хаттардың негізінде Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Шелек ауылына барған едік. Мақсатымыз әр түрлі құжаттарын тапсырып, жылға жуық соның «дайын болған немесе болмағанын» біле алмай жүрген қандастардың мәселесінің шын-өтірігіне көз жеткізу. Негізі «қолымызда дәлел бар» деген кісілердің барлығының мәселесін көтерсек хатымыз хат емес, кітап болып кетер. Сондықтан нақты өз көзімізбен көріп, фото-видеоға жазып алған дәйектеріміз негізінде сөйлесек. Шелекке кіре берістен «Өзін көші-қон бөлімшесінің басшысымын» — деп таныстырған азамат бізді бірден тамаққа шақырды. Және жиналған кісілерді көші-қонның алдынан алып кетуімізді, оларға әкімшіліктен «салқын, жайлы орын» қарастырып қойғанын айтты. Мұның өзі қазақта айтатын «жең ұшынан жалғасудың» көрінісі емес пе? Бірақ біз «халыққа уәде беріп қойғанымызды және талаптарын көші-қон бөлімшесінің алдында бір-бірлеп тыңдайтынымызды» айттық. Сонымен бөлімшеге келген басшы мырза өзгеріп сала берді. Есікті тарыс жауып жауап беруден қашты. Дөрекі мінез көрсетіп, біздің іске араласпауымызды талап етті. Бірақ, біз жай ғана «қандастардың тапсырған құжаттары не үшін дайын болмай жатыр, себебін бір-бірлеп біліп берейік, мүмкін құжаттық қателіктер бар шығар» — деген ұсынысымыз полиция басшысына түсіндіру арқылы, әрең есігін ашты. Жоғарыда аталған мәселелер туралы фото-видео дәйек бар қолымызда. Бірақ, оны еш жерге жарияламаймыз. Себебі біздің мақсат жекелеген басшыларға шүйлігу емес, қандастардың мәселесін көтеру.

    Бұдан шығар түйін:

    1. Аталған бөлімше басшысы ашықтықтан қашады;
    2. Іс-әрекеттері жемқорлыққа итермелейді;
    3. Халық алдындағы міндетін сезінбейді.
    4. Аталған мекемеде қызмет талаптары сақталмаған:
    5. Құжат тапсырған кісілерге түбіртек берілмейді
    6. Қызметкерлер джинсы-шорты киген
    7. Мекеменің атауы көрсетілмеген
    8. Мемлекеттік ту жоқ
    9. Құжаттарды заңды мерзімінен кешіктіріп, кісілерді әбігерге салады

    Төменде келіп түскен арыз берушілер тізімі көрсетілген. Бір жылдан астам уақыт азаматтық ала алмай жүргендері бар арасында.

    Біріншіден: Бұл дегеніңіз Елбасының ішкі-сыртқы көші-қонды реттеу сынды айрықша тапсырмасына керағар қызмет көрсету болып табылмай ма?

    Екіншіден: Әр қандас азамат өзінің тапсырған құжатының қай деңгейде қаралып жатқанын, кешігіп жатса оның себеп-салдарын біліп отыруға тиісті емес пе? Әлде бәрі жабық ұстала ма?

    Үшіншіден: ҚР азаматтығына өтініш алты ай ішінде қарастырылуы керек еді. Жылдан асқан азаматтардың құқығы бұзылған, заң талаптары орындалмаған болып табылмай ма?

    Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында қалыптасқан жағдайды анықтап, ахуалды зерттеп және жоғарыда қойылған сауалдарымызға жазбаша 10 жұмыс күнінің ішінде жауап берулеріңізді сұраймыз.

    ҮШІНШІ ХАТ:

    Алматы облыстық ІІБ

    Көші-қон қызметінің

    Басшысы Е. Н. Алтаев мырзаға 

    Құрметті Ержан Нұрсұлтанұлы! 

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасы хиджап туралы пікірін жария етті

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мектептегі қыздардың орамал тағу мәселесіне қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды ...