• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Қоғам » 20 курсант Ресейге оқуға аттанады

    20 курсант Ресейге оқуға аттанады

    Екіжақты ынтымақтастық шеңберінде және Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 30 қарашадағы № 895 Жарлығымен бекітілген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау, өртке қарсы, авариялық-құтқару органдары мен арнайы қызметтері үшін кадрлар даярлау туралы келісімге сәйкес жыл сайын Ресей Федерациясы ІІМ ЖОО-ларында Қазақстан Республикасының ІІМ үшін оқуға квота бөлінеді.

    Қазақстан Республикасы ІІМ ЖОО қабылдау комиссияларымен оқуға түсу емтихандарынан өткен және іріктеу барысында жоғары көрсеткіштерді көрсеткен 20 үміткер іріктеліп алынды.

    Ағымдағы жылы Ресей ІІМ ЖОО-ларында жоғары білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 20 қызметкерін оқуға қабылдау жоспарланған. Олар, атап айтқанда, Ресей ІІМ Краснодар университетінде; Ресей ІІМ Волгоград академиясында; Ресей ІІМ Нижний Новгород академиясында; Ресей ІІМ Воронеж институтында; Ресей ІІМ Сібір заң институтында; Ресей ІІМ В.Я.Кикотя атындағы Мәскеу университетінде; Ресей ІІМ Санкт-Петербург университетінде оқитын болады.

    Кадр жұмысы департаменті бастығының 2018 жылғы 22 тамыздағы бұйрығымен Ресей ІІМ ЖОО-ларына оқуға жолданатын қызметкерлерге кіші басшы құрамның «қатардағы полицей» арнаулы атағы берілді.

    Министрліктің басшылығы елімізде құқық тәртібін қамтамасыз ете алатын және қылмыстылықпен тиімді күрес жүргізе алатын жоғары білікті мамандардың даярлануына ереше назар аударады.
    Ресей ІІМ оқу орындарын бітірген біздің түлектер Қазақстанның ІІО қызметкерлері қатарында лайықты орынға ие, полицейлік қызметтің жауапты және күрделі учаскелерінде қызмет атқаруда.
    Ресейге жолданатын курсанттар өз атынан Қазақстан Республикасын лайықты көрсете білеріне сенім зор. Осыған байланысты біздің өкілдерден тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтау, оқуға деген жауапкершілік талап етіледі, деп хабарлама таратты Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі.

     

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасы хиджап туралы пікірін жария етті

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мектептегі қыздардың орамал тағу мәселесіне қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды ...