• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Өнер » Жазушылардың даукестігі суретшілерге жұқты

    Жазушылардың даукестігі суретшілерге жұқты

    Алматыда Суретшілер одағының он сегізінші құрылтайы өтіп, жаңа төраға сайланды. Қараша айында өтуі тиіс одақ басшысының сайлауы шығармашылық ортада жанжал туындағаннан кейін сәуірге қалдырылған болатын. Бүгін сол кезде өз кандидатурасын ұсынған суретшілер құрылтайға қатыса алмай, есіктің сыртында қалды. Қылқаламшылар ғана емес, тіпті біздің тілшілеріміздің өздері жабық есік жағдайында өткен сайлауға әзер аяқ басты.    

    Ішкі бүліктің сыртқа шығып кететінінен қорықты ма, әйтеуір бүгін Суретшілер одағы есіктерін тарс жауып алып, бізді құрылтайға жарты сағат бойы кіргізбей, дауласып тұрды. Тізімде тек мемлекеттік БАҚ бар, ал сіздерді ешкім шақырған жоқ, -деп әкіреңдей жөнелді.

    Одақ төрағасының сайлауы өтіп жатқан құрылтайға біз ғана емес, тағы бірнеше суретші жіберілмеді. Есікке күзет қойылып, еңгезердей жігіттер адамдарды бір-бірлеп қана кіргізіп, қарауылдап тұр. Бейбіт өнер адамдарының емес, қарулы күштердің жиналысы іспетті.

    Оның өзіндік себебі барға ұқсайды. Суретшілердің клан-кланға бөлініп, төрағалыққа таласқаны былай тұрсын, одаққа тиесілі мүлік кімнің қарабасына бұйырады деген сұрақ өнер адамдарының тыныштығын бұзғанға ұқсайды.

    ЖАНАРБЕК БЕРІСТЕНОВ, суретші:

    – Бізде қазір Рысқұловада 75 соттық территориямыз бар, мастерскойларымызбен, Мұқанова-Қабанбайда 72 мастерскойымыз бар, әлі документация жасалмаған, Қожамқұловта мастерскойымыз бар, Панфилова-Әйтеке биде үлкен бас ғимаратымыз бар. Енді бұлар соның барлығын жекешелендіруге дайындалып жатыр. Соның мен қағаздарының бәрін білемін, содан кейін бұлардың барлығы менен қорқып тұр.

    Сайлау заңды өтпеді дегендер өңірлерден келген әр суретші облыстағы 15 суретшінің атынан дауыс беріп жатыр, -деп шағымдануда. Ал одақ мүшелері әр суретшінің жолақысын төлеу біздің қалтамызға салмақ, -деп отыр.

    ЖАМБЫЛ НӘТБАЕВ, суретшілер одағының мүшесі:

    – Біз оның жолақысын төлеуіміз керек. Оны шығарып саламыз, қонақ үйі бар дегендей да. Егер өздерің ақшасын төлеп келсеңіздер, он бесің де кел, мыңың да кел ешкім-ешкімге қарсы емес.

    Десе де бұл дау сайлаумен аяқталмайтын сияқты. Себебі қылқалам шеберлері Президент атына ашық хат жолдап, бұл іске араласуын сұрап отыр.

    ___________________________________________________________________________________________________________________________

    Жанар Жолтаева, Данияр Жүсіпов

    31.kz

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    «Астанада жоқсың», «Алматыда жоқсың» деп айтылатын әнді шығарған кім екенін білгіңіз келсе…

    Ютубтан 35 миллион көрілім жинаған Ерке Есмаханның орындауындағы «Қайда?» әні жастар арасында хит. Алайда, көпшілігіміз ...