• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Өнер » Әкем театрының репертуарына «Жүрегімнің Иесі» психофизикалық драмасы қосылды

    Әкем театрының репертуарына «Жүрегімнің Иесі» психофизикалық драмасы қосылды

    М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында «Жүрегімнің Иесі» атты психофизикалық қойылымның премьерасы өтті.

    Жас драматург Айдана Аламанның пьесасы бойынша жас режиссер Аридаш Оспанбаева  сахналаған қойылымда бойжеткендердің  тұрмыс құру мәселесін алға тартады.  Құрбы қыздар Дариға мен Жансаяның тағдыры арқылы өмір ағымына ілескен қыз-келіншектердің жай-күйін суреттейді:

    Дариға бойжеткен шағынан асып кетсе де қиялындағы азаматты іздеуден жалыққан емес. Үмітті. Қайсар. Алдына айқын мақсат қойған. Бірақ, тағдыр өз дегенін істедеді емес пе!? Білдей бір мекеменің басшысы болғанымен, екінші жартысын таба алмай келеді. Жігіті жоқтықтан емес, талғамына сай болмауынан.

    Жансая жастық шағында тұрмыс құрған бала-шағалы келіншек.

    Қойылымның ең басты шарты көрерменді сендіре білу десек, актерлердің шеберлік деңгейіне айтар сөз жоқ. Тек кейбір тұстарда ғана бейәдептік көріністер орын алды. Бірақ, ол көріністер әр адамның сана деңгейіндегі қабылдауына байланысты дүние екені айдан анық. Көкейге келген осы сауал мен пьеса туралы  драматург пен қоюшы-режиссерге қойған едік.

    Аридаш Оспанбаева, қоюшы-режиссер:

    –Сахнадағы анайылық көріністі Чарлин Чаплиннің қызына (балерина болған) жазған хатымен мысал етейін. Чаплин сол хатында «қызым, сен сахнада жасаған дүниеңді өмірде көрсетпе» деген екен. Ал бізде бәрі керісінше. Өмірде көрсетеді бірақ, сахнада істей алмайды. Біз, сахнада осындай көріністерді қою арқылы өмірде мұндай қадамға баруға болмайтынын айтқымыз келді. Өмір болған әртүрлі жағай болады. Бірде жолың болмады екен деп, үмітіңі үзуге болмайды. Қойылымның негізгі түйіні осы жерде. Соны қандайда бір жолмен жеткіздік деп ойлаймын.

    Айдана Аламан, драматург:

    –Қазіргі замандағы қыздардың көзқарасы екі топқа бөлінген деп ойлаймын. Осы екі кереғар пікірдің қақтығысы ретінде драматугиялық конфликт жасағым келді. Пьесаны 23 жасымда жаздым. Ол кезде «кәрі қыз» деген атау бір қарағанда қорқыта бермейтін. Бірақ, мен сол кезден бастап ойланатынмын. Себебі, Ғылым академиясында жұмыс жасағаныма бес жылдай болып қалды. Өкінішке қарай сонда  жүріп, айналамыздағы «отырған» қыздарды көріп, оларды түсініп, өзімнің де болашаққа деген қорқынышымнан туған шығарма болды.  


    Жасұлан НАУРЫЗӘЛІ

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    ШӘМШІ ТУРАЛЫ СЫР

    15 тамыз қазақтың сүйікті Шәмшісінің туған күні. Шәмші Қалдаяқұлын Қазақстанда білмейтін жан жоқ. Оның «Менің ...