• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Өнер » Отырысыңа қарап мінезіңді анықтайық

    Отырысыңа қарап мінезіңді анықтайық

    «А»  Көбіне аяғын осылай бас жағын қосып, аяқ жағын жаяып жіберіп  отыратын жандардың шешім қабылдауы өте қиын, әрі кінәмшіл келеді. Аяқ асты ыңғайсыз жағдай орын алса, одан шығудың жолын таппай  қапа болады. Мұндай адамдар әдетте өзіндік бағасын жоғары қояды да, нәтижесі күткенін дей болып шықпайды. Шулы ортаға шыдай алмайды, уақытының көп бөлігін жалғыз өткізгенді ұнатады.  Бірақ адамдарды бір көргенен ажырата алатын қасиеті бар.

    «В» Өз күші мен мүмкіндіктеріне сенімді адамдар. Сөзсіз көшбасшылар, карерасы, жетістігі  үшін барын салады. Оларға бірқалыпты өмірден гөрі өзгеріске толы өмір көбірек ұнайды.  Мұндай үлгідегі отырыс Еуропа мен Азияда көптеп кездеседі.

    «С» Бұл топтағылар өзінің ұқыпсыздығы мен еріншектігінің кесірінен жиі сөз естіп жүреді. Олардың өз заңдылығы, өз ретілігі бар. Өзіне қажет нәрсеге қол жеткізе алады. Өзгенің пікірі ол үшін аса маңызды емес. Жұмыс барысында басқа істерге көңілі ауып кете береді. Бірақ мақсатына жету үшін бәрін жасайды.

    «D»Ашық ақ көңіл, әділ адамдар. Адалдықты тура жолмен жүруді, өтірік айтпауды басты қаперде ұстайды. Оларға дәлдік нақтылық секілді қасиеттер берілген. Өздері үшін идеалды өмірді жасап алады. Сырттай қарағанда суық болып көрінуі мүмкін. Бірақ шын мәнінде алтын жүректі адамдар.

    «Е» Аяғын көбіне жоғарғы суреттегідей қойып, отыратындар тұйық, ұстамды болып келеді. Өте сезімтал, өзгенің қателігін, кемшілігін әділетсіздігін көрсе үнсіз қала алмай, орынды сын айта біледі. Мұндай досыңыз болса онымен  қорықпай сыр бөлісе беріңіз. Мазалап жүрген мәселеңіз болса кеңес сұраңыз. Өте жақсы көмек береді.


    Ғаламтордан дайындаған Аида ҚОЖМАМБЕТОВА

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    ШӘМШІ ТУРАЛЫ СЫР

    15 тамыз қазақтың сүйікті Шәмшісінің туған күні. Шәмші Қалдаяқұлын Қазақстанда білмейтін жан жоқ. Оның «Менің ...