• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Өнер » Дәстүрлі музыка және деңгейі биік тыңдарман

    Дәстүрлі музыка және деңгейі биік тыңдарман

    Қазiргi уақыттағы дәстүрлi өнер мәселелерi туралы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әнi» кафедрасының меңгерушiсi, Қазақстанға еңбек сiңiрген қайраткер, белгiлi әншi Сәуле Жанпейiсова өз ойларын ортаға салды. 

    – Сәуле Стаханшылқызы, сахнада дәстүрлi әншiлiк өнерiмiздi насихаттап келе жатқаныңызға биыл 25 жыл толыпты. Бұл — өнерпаз үшiн белгiлi бiр биiктiктерден көрiнетiн уақыт. Сiз қандай жетiстiктерге жеттiм деп ойлайсыз?
    — Жиырма бес жыл бойы халықтың көз алдында жүрмiн. Жетiстiктерiмдi жiлiктеп айтып жату артық болар,сiрә?!
    — Сiз өнерге қадам жасаған 25 жыл бұрынғы тыңдарман мен бүгiнгi тыңдарманның айырмасы бар ма?
    — Сонау сексенiншi, тоқсаныншы жылдары халықтың дәстүрлi әншiлiк, күйшiлiк, жыршылық, айтыс өнерiне деген жаппай ықыласы ерекше болатын. Сахнаға бiр ән айтып шыққанда өз өнерiңнiң рухани қажеттiлiк екенiн сезiп, бiр рахаттанып қалатынбыз. Бұл алға ұмтылуға, iзденуге күш беретiн… Қазiр музыканттар жан-жақты қолдауға мұқтаж. Бұл — үлкен проблема.
    1985 жылы Ашхабад маңындағы қазақтарға концерттiк сапармен барғаным әлi есiмде. Сахнаға шығып, термемдi бастағаным сол едi, менiң «Әй!» деп басталатын қаратпа интонацияма залдың қосылып кеткенi… Биiк нотамен айтылатын дыбысымды көрерменнiң түгелдей дерлiк дөп түсiп қайталауы таң қалдырды. Осындай өнерге деген ыстық ықыласты, әр сәттi қалт жiбермейтiн тыңдарманды Қытай жерiндегi қандастарымызға iс-сапармен барғанда көрдiм. 2007 жылы Үрiмшiде консерватория ұстаздары мен студенттердiң ұлт-аспаптар оркестрi концерт қойдық. Маған үлкен әсер қалдырғаны, тыңдарманның қазақ әндерiндегi орындаушының дауыс шеберлiгiн көрсетiп, мүмкiндiгiн байқататын сәттердi нақ тауып, дауысыңды қоштап «әй!» деп ду ете түсуi, олардың жаппай бiр кiсiдей демдерiн iшiне алып отырып тыңдауы едi.
    — Бүгiнгi батыс-еуропалық, жалпы сырттан келген музыкалық ағымдарға елiктеген жастарымызды көрiп дәстүрлi өнерiмiздiң болашағы қандай болады деген көкейкестi сауал туындайды. Өнердiң өмiршеңдiгiне тiкелей әсер ететiн оның тыңдаушысы емес пе?
    — Тыңдарман тәрбиешiсi — бұқаралық ақпарат құралдары. Бұрындары елiмiздiң музыка қайраткерлерiнiң концерттерi телеарналардан жиi көрсетiлетiн. Қазiр арнайы бағдарламаны да («Сегiз қырлы» ғана бар), кештердiң түсiрiлiп жатқанын да сирек көремiз. Бұдан өнер өлмегенде қайтедi? Бүгiнде қаншама жастарымыз жүр, олардың басым көпшiлiгi көрiне алмайды. Теледидардан кiм көрiнедi, халық соны бiлiп, құрметтеп жатады. Әрине, кiм көзге көп түседi, сол талантты деген жарнамалық жалған түсiнiктен аулақпын. Кейде қызық оқиғаларға кездесiп жатамыз… Бiр-екi жыл бұрын бiр тойда ән айтып едiм, бiр шенеунiк келiп: «Дауысың жақсы екен, болашағың бар» дегенi. Мен күлiп: «Иә, менiң болашағым алда», — дедiм. Бұл дәстүрлi әншiлiкке насихаттың жоқ екенiн көрсететiн жәйттiң бiрi ғана.
    — Соңғы жылдары дәстүрлi халық музыка театрын ашу туралы айтып келе жатқан ұсынысыңыз өнер жанашырларының көкейiнде жүр деп ойлаймын.
    — «Саусақ бiрiкпей, ине iлiкпейдi» деген нақыл сөздi бүгiнгi өнерпаздарымыздың қоғамдағы жай-күйiне қатысты айтуға болады. Өнер ұжымдарын бiрiктiрiп, дәстүрлi музыканың шаңырағын жасау қажет. Халық ұлттық ән-күй, жыр өнерiн қайда барып тамашалау керек екенiн бiлмейдi. Мол рухани мұраға ие елiмiздiң бiрде-бiр арнайы өнер көрсететiн Сарайы жоқ, залдардың бәрi сатулы. Үлкен театрлар, сахналар белгiлi бiр мекеменiң меншiгiнде. Киелi өнерге қазiр сұраныс бар. Оны қолдау қажет. Уақытынан кеш қалсақ, өнерiмiз жетiм баладай күн кешетiн түрi бар. Әсiресе, жас таланттар тығырықта. Одан шығу жолында әркiм әртүрлi бағытта iзденiп, өз бетiнше тiрлiк жасауда. Оларға ел алдына шығу үшiн мемлекет тарапынан бiрқатар кешендi бағдарламалар, жүйелi шешiмдер қажет-ақ. Онымен айналысатын арнайы орталықтар ашылып, бұл мәселелер жолға қойылуынан үмiттемiз.
    — Мемлекеттiк айтулы мерекелерде өтетiн концерттiк бағдарламаларға көзқарасыңыз қандай? Ұлттық дүниелер өз дәрежесiнде берiлiп жүр ме?
    — Менiң ойымша, өнердi саясатқа айналдырмау керек, ұлттық мүдде бiрiншi орында тұруы тиiс. Өкiнiштiсi, концерттiк бағдарламалардан қатып қалған қалыптан әлi шыға алмай келе жатқанымызды көремiн. Екiншi бiр жағдай, сахнадағы орындаушыда екпiн (темп) қуалайтын асығушылық пайда болды. Яғни, неғұрлым тез ойналса, соғұрлым әсерлi болады деген түсiнiк бар. «Қыз қуу сияқты» бiр концерттер болып жатыр. Әрi кетсе ұзақтығы 4-5 минутқа созылатын күйдi, 3-4 минут шырқалатын әндi «қысқартып» қуып, музыкантты да қоса қуады.
    Бiр әндi бiреуi бастап, екiншiсi iлiп, үшiншiсi жалғастырып, әйтеуiр жұлмалап бiтiредi. Көз алдыңа көкпарды елестетiп, әнi мен күйiн бiр-бiрiнен ала қашады. Әннiң көкпарға түскен заманы болып тұр. Неге, қайда асығатынын түсiнбеймiн. Еуропалық академиялық музыка туындыларына тиiспеймiз, ал бағдарламаның аз уақытын ғана алып тұрған қазақ музыкасын асықтырамыз.
    — Жалпы Еуропа академиялық музыкасына, басқа елдiң ұлттық музыкасына қазақстандық көрерменнiң зейiнi қандай? Ондай дүниелер қалай қабылдануда?
    — Басқа елдердiң қойып жатқан концерттерiн де тыңдап келемiз. Мысалы, былтыр корея халқының Абай атындағы опера және балет театры сахнасында қойған концертiн дүйiм жұрт тамашалады. Таза ұлттық дүниелерiн алып келген, әр әнi мен биi сондай әсем, екпiн (темп) қуалап жатқан ештеңесi жоқ. Музыкасымен шығыс мәдениетiн, ұлттық жанын, болмысын, мiнездерiн көрсете бiлдi, биiк деңгейде өттi. Сонда залдағы жастарымыз, бүгiнгi көрермен керемет мәдениеттiң үлгiсiн танытты. Яғни, қай бағытта болмасын саф өнердi бағалай алатын тыңдарманымыз бар, бiрақ солардың көңiлiнен шығатындай концерттерiмiз аз, ұйымдастырушылық жағы төмен. Сондықтан тыңдарманның биiк деңгейде көрiне алмай жатқаны концерт (насихат) деңгейiнiң төмендiгiнен деп есептеймiн.
    — Соңғы жылдары орта мектептiң «Музыка» пәнi оқулығын (1-6 сыныптар) қолыма алып, көптеген олқылықтарға тап болдым. Алғашқы алған мамандығым музыка пәнiнiң оқытушысы деген кәсiп болатын. Сондықтан маман ретiнде айтсам, музыка бағдарламасының игерiлуiндегi олқылықтарды былай қойғанда, қазақтың ауызекi кәсiби музыканттары әндерiнiң (күй, жыр) бала жасына, дауыс мүмкiншiлiгiне, музыкалық ойжосығына сай таңдалмағандығы айқын көрiнедi. Төртiншi сыныптың оқулығында (орыс тiлiнде) Татар музыкасы деген тақырыпшаға қазақ совет композиторы Латиф Хамиди мен оның «Қазақ вальсi» енiптi… Мұндай жәйттерге не айтар едiңiз?
    — Республикалық эстрада-цирк студиясын бiтiрген соң, 1986-1991 жылдарда туған жерiм Сарысу ауданы, бұрынғы К.Маркс қазiргi Д.Сембин атындағы орта мектепте музыка пәнiнен сабақ бердiм.

    Жас маман болған соң берiлiп жұмыс жасадым. Оқушыларды әртiс қылып жiбере жаздағаныма қарап қазiр көп ойланамын. Сол кезден бастап қазiр үлкен республикалық сахнада жүрген Айгүл Мақашова, Ардақ Исатаева, Айнұр Абайқызы секiлдi шәкiрттерiм өнерге бет бұрып, қызығушылықтары оянды. Осы жылдары түсiнгенiм, мектепте математика, физика сияқты пәндерге баса назар аударылып, музыка сабағына екiншi кезекте мән берiлдi, тiптi бұл саладаға маманның жетiспегенiне қынжылысты да көрмедiм, өйткенi, кез келген пән мұғалiмi әннен сабақ өткiзе салатын.

    Бұған проблема деп те ешкiм қараған жоқ. Қазiрге дейiн кездесетiн бағдарламалардағы кемшiлiктер мен оқулықтардағы олқылықтар осы жағдайдың әлi өзгермегендiгiнен хабар бередi.
    – Бұл бағытта жұмыс жасап жатқан қандай бағдарламаны қолдайсыз?
    — Абдулхамит Райымбергеновтың басшылығымен жасалған «Мұрагер» бағдарламасының орны бөлек. Ол дәстүрлi музыканы тыңдайтын, құрметтейтiн ұрпақ тәрбиелеу iсiн күн iлгерi түсiнiп, дер кезiнде қадам жасады. Бiр мектептiң оқушыларынан түгел домбырашы жасау, нағыз тыңдармандарды тәрбиелеу iсi жолға қойылған, осы мақсатта тер төгуде. Осындай бағдарламаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетiлсе деймiн. Себебi, бұрынғы жолмен, ескi қалыппен жүруге заман өзгердi, жаңа уақытқа ұлттық менталитетке сүйенiп, ұлттық ерекшелiктердi ескере отырып бейiмделсек қана тұйықтан шығар жол таба алармыз деген ойдамын.
    — Ой бөлiскенiңiзге рахмет. Шығармашылық табыс тiлеймiз.


    Жылы лебiздер…
    Қазақстанның халық ақыны, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты Фариза ОҢҒАРСЫНОВА:
    Сәуле – қазақтың ұлы әншiсi. Сезiмтал, парасатты адам. Ол республика көлемiндегi жарқырап шыққан керемет дарын иесi. Бiзде солтүстiктiң немесе оңтүстiктiң әншiсi деген пiкiр бар, бiрақ Сәуле олай шектелмейдi. Арқа, Жетiсу, Сыр бойы, батыс аймағының әншiлiк дәстүрiн тең меңгерген, даусымен халықты тәнтi еткен өнер иесi.

    КСРО халық артисi Бибiгүл ТӨЛЕГЕНОВА:
    Сәуле — талантты, кәсiби деңгейiндегi мақтанышымыз. Домбырамен ән айтқан әншiлердiң iшiнде маған Сәуле қатты ұнайды. Оның домбыра тарту шеберлiгi, өзiндiк ерекшелiгi, әсем ойнауына қоса құдай берген талабы, еңбекқорлығы тағы бар. Бергенiнен берерi мол шығармашылық адамы деп сенемiн.


    Бақыт Тұрмағамбетова, музыкатанушы

    «Түркістан».

     

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    ШӘМШІ ТУРАЛЫ СЫР

    15 тамыз қазақтың сүйікті Шәмшісінің туған күні. Шәмші Қалдаяқұлын Қазақстанда білмейтін жан жоқ. Оның «Менің ...