• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Өнер » Бибігүл Дәулетбекқызы Баян Алагөзованы айыптады

    Бибігүл Дәулетбекқызы Баян Алагөзованы айыптады

    Даудың басы – Теменовтың повесі. Әйгілі «Махаббат бекеті» фильмі Теменовтың «Гүлнәз» повесі желісімен түсірілгенін ескерсек, фильмнің жалғасын түсірмекші болып жүрген Алагөзова Теменовтен рұқсат сұрамай, бұл іске белсене кірісіпті. Атышулы продюсердің айтуынша, фильмнің авторлық құқығы «Қазақфильмге» тиесілі және ол Мәдениет министрлігінен тиісті рұқсат та алып үлгерген екен.

    Осы мәселеге қатысты танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы да пікір білдіріп, режиссер Талғат Теменовтің «Махаббат бекеті» фильмі болмаса, Баян Алагөзованы бүгінде ешкім танымайтынын айтты. Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасына жазды, – деп хабарлайды «Қазақ үні» газеті

    – Баян – бұрынғы Есентаева, қазіргі Алагөзова әпкеміз Талғат Теменовтің кезінде халықтың өліп-өшіп жақсы көрген «Махаббат бекетінің» 2 бөлімін түсіріп жатыр екен. Тағы келіп рұқсатын алмаған көрінеді. Ол ол ма, кейіпкерлердің аты Гүлнәз бен Орал. Мәссаған, безгелдек! Талғат ағамыз шырылдап: «Бұл менің жазған «Гүлнәз» деген повестім ғой. Ал, «Махаббат бекеті» менің авторлық фильмім. Идеясына дейін көшіріп алғаны былай тұрсын, әуенін де алған» деп қынжыла айтады. Ал, оған Баянка әпкеміз беті бүлк етпей: «Мәдениет министрінен рұқсат алдым» деп қояды, – деп жазды журналист.

    Дәулетбекқызының пікірінше, интеллектуалды ұрлық жасау – нағыз қылмыс.

    – «Гүлнәз» повестін жазған белгілі режиссер Талғат Теменов көкеміз. Ол кісіні әлем таниды. Сыйлайды. Бас иеді. Осы повесть бойынша түсірілген «Махаббат бекеті» фильмінің режиссері де Талғат Теменов. Әлде былтыр ғана осы әйелдің тарихи сериалымыз «Қозы Көрпеш – Баян Сұлуды» ырым-жырымын шығарғанынан хабарсызсыз ба? Түсірсін «коровасын» онда шаруамыз шамалы (Ол да кәрістерден ұрланған дүние…), – дейді тележүргізуші.

    – Егер Талғат Теменов болмаса, Баянды бүгін Қазақ халқы танымас еді. Баянды Баян еткен – Гүлнәз. Ал «Гүлнәз»-ді повесть етіп жазып, фильмнің идеясына дейін ойлап шығарған – Талғат Теменов. Миллиондаған көрермен сол фильм үшін де Баянның небір хикаяларын кешіріп келеді.  Ал, идея ұрлаған адамды өмірде жек көремін. Қарсымын! Сондықтан да, бұл жолы Талғат ағамыз жағындамын, – деп санайды Дәулетбекқызы. qazaquni.kz. осылай деп жазады.

    Біз бұл мақаланы жариялай отырып, асықпайық дегіміз келеді. Бұл мәселе әлі де жалғасын табар деген ойдамыз. Себебі, әлемде жолы болған фильм туындынсының жалғасын түсіру кеңінен етек алған жағдай. Басқа елдерде бұндай үрдістің баяғыдан кең етек жаюы, біріншіден жақсы идея табу үшін кім де болса керемет дарын иесі болуы шарт. Екіншіден бұлай ету атақты болудың ең қысқа жолдарының бірі. Бірақ, бұл жолдың бір бірағы бар. Егер фильм нашар болса өмір бойы жинаған атыңа өшпес кір келтіресің.

    Егер Баян Алагөзова авторлық құқық «Қазақфильмге» тиесілі десе, және ол рас болса, онда әңгіме шынында шиеленісе түспек. Режиссер Талғат Теменовтің өз фильміне авторлық құқығы бар ма? Бұл сұрақтың жауабы қандай болмақ? Күтейік, қаншама «Даудың басы Дайрабайдың ала сиырынан» басталды деген дей, ақырын күтейік.

    Ең басты сұрақ фильмінің жалғасы әлі күнге дейін көпшілік сүйіп көретін «Махаббат бекеті» фильмінің көркемдік деңгейінде түсіріле ме? Ең басты сұрақ осы.

    «АДЫРНА» ұлттық порталы

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    «Астанада жоқсың», «Алматыда жоқсың» деп айтылатын әнді шығарған кім екенін білгіңіз келсе…

    Ютубтан 35 миллион көрілім жинаған Ерке Есмаханның орындауындағы «Қайда?» әні жастар арасында хит. Алайда, көпшілігіміз ...