• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Өнер » Бес мың адам «Қара жорға» биін билесе, үш жүз адам бір мезгілде күй шертті

    Бес мың адам «Қара жорға» биін билесе, үш жүз адам бір мезгілде күй шертті

    Жетісу халқының үштен бір бөлігін, яғни 634 мыңға жуығын жастар құрайды. Өңірде жастар саясатына елеулі көңіл бөлініп, жыл сайын қомақты қаржы бөлініп келеді. Биыл осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 66 млн. 177 мың теңге бөлініп, әлеуметтік маңызы бар жобаларға 15 млн. теңге қарастырылған. 2009 жылдан бері облыстың барлық аудан, қалалары мен алыс ауылдарында ұйымдастырылған жастар форумы биылдан бастап жергілікті жерлерде фестиваль түрінде өткізілді.

    Аудан, қалаларда жалауын көтерген жастар мерекесінің қорытындысы осы фестивальда шығарылып, оза шапқандар олжалы болды. Облыс әкімі Серік Үмбетов 1-орын алған Талдықорған қаласына автобус, 2 және 3-орын иеленген Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандарына Газель автокөліктерінің кілттерін тапсырды. Осы салтанатта ауыр атлетикадан Әлем чемпионы атанған жетісулық спортшылар Светлана Подобедова мен Мая Манезаға 2 млн. 500 мың теңгеден, Зульфия Чиншанло, Владимир Седов және бірқатар жаттықтырушыларға да ақшалай сыйлықтар табыс етті. Жастар мерекесіне арнайы келген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің бастығы Дархан Мыңбай облыс жастарының өнерлеріне ризашылығын білдіріп, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда маңызы зор бұл ауқымды шараны өзге өңірлерге үлгі етуге болатынын атап өтті.

    Алаңның төрт бұрышында 500-ге жуық жас ту көтеріп, стадионнан сап түзеп жүріп өтті. Әрбір аудан, қала делегациялары отаншылдық тақырыптарын ұран етіп, әдемі безендірілген көліктермен шеру жасап, алаңның ажарын кіргізді.

    5000 адамның қатысуымен «Қара жорға» биі орындалып, 300 адам бір мезгілде күй шертті. Шараға барлығы 35 мыңға жуық адам қатысты.

    Жетісу жастары қай жағынан да қамқорлықтан кенде қалған емес. Соңғы төрт жылдан бері облыс орталығында студенттердің қоғамдық көлікте тегін жүру мәселесі шешілген. Бұл мақсатқа биыл 138,8 млн.теңге жұмсалды. Сонымен қатар жетім және жағдайы төмен отбасыларынан шыққан 349 бала жоғары оқу орындарында облыс әкімінің грантымен білім алуда. Өңірге жұмыс істеуге келген 295 жас маманға 29,1 млн. теңге көтерме ақы мен басқа да коммуналдық жеңілдіктер берілген.


    Сағыныш Намазшамова,

    Алматы облысы

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    «Астанада жоқсың», «Алматыда жоқсың» деп айтылатын әнді шығарған кім екенін білгіңіз келсе…

    Ютубтан 35 миллион көрілім жинаған Ерке Есмаханның орындауындағы «Қайда?» әні жастар арасында хит. Алайда, көпшілігіміз ...