• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Өнер » «Қаз дауысты… би» фильмі алматылық көрермендерге жол тартпақ

    «Қаз дауысты… би» фильмі алматылық көрермендерге жол тартпақ

    14 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасында «Қаз дауысты… би» деректі фильмінің тұсаукесері өтеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

    Биыл Қазақ Ордасының кемеңгер биі, мемлекет жəне қоғам қайраткері Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойы Қарағанды облысында аталып өтті.

    Қаз дауысты Қазыбек би

    ⒸЕрлан Төлеутайдың Фейсбуктегі парақшасынан

    Осыған орай Қарағанды облысы әкімшілігінің бастамасымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы қысқа мерзімде «Қаз дауысты… би» атты деректі фильм түсірді. Фильм режиссерлері Ғазиз Насыров пен әнші, өнертанушы Ерлан Төлеутай.

    Қаз дауысты Қазыбек би

    ⒸЕрлан Төлеутайдың Фейсбуктегі парақшасынан

    Фильмнің түсірілім барысы жайында Ерлан Төлеутай жазды. Қазыбек бидің мемлекетшіл биік тұлғасын деректі фильм арқылы саралауға тырысқан режиссерлер үшін Қазыбек бидің өмірі мен қызметін кино тілінде реконструкциялау оңайға соқпаған. Ол үшін Ерлан Төлеутай мен Ғазиз Насыров Қазыбек би жайлы ел аузындағы аңыздар мен Ресей және Қытай мұрағаттарында сақталған жазба деректерді жинаған.

    Қаз дауысты Қазыбек би

    ⒸЕрлан Төлеутайдың Фейсбуктегі парақшасынан

    «Бұл əрине оңайға соққан жоқ. «Делика» жол талғамайтын жапонның көлігімен 8 000 шақырымнан аса жол жүріп, бір шеті Павлодар, Қарағанды бір шеті Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылорда облысының шегіне дейін барып қайттық. Аз уақыттың ішінде 20 сағаттай видео материал түсіріп үлгердік. Əрине, сапарымыз қауіп-қатерсіз болған жоқ деп айта алмаймыз.

    Қаз дауысты Қазыбек би

    ⒸЕрлан Төлеутайдың Фейсбуктегі парақшасынан

    Мəселен, Қаз дауысты Қазыбек би 1764 жылы ақпан айында қайтыс болғанда қыс қаһарлы, қар қалың болғандықтан, жер аяғы кеңігенше деп баласы Бекболат пен Едіге билер ұлы бидің мəйітін сөреге сақтауға ұйғарған. Осы қыс айында болған оқиғаны суреттеу үшін Алатаудың бір асқар биігі — 3800 метрлік «Молодежный» аталатын биік шыңына шығып, алты қанат үй тіктік. Өйткені мезгіл тамыздың соңы, Алатауға қар түсіп үлгермегендіктен, осылай жаннан безіп, мəңгі мұздықтарға көтерілуге мәжбүр болдық. Алатаудың құлама жартасты, түпсіз шыңырауларынан асып өткеніміздің өзі бір ғажайып хикая. Бəрін жазып отыруға уақыт тапшы», — деп жазды әнші.

    Қаз дауысты Қазыбек би

    ⒸЕрлан Төлеутайдың Фейсбуктегі парақшасынан

    Фильмнің басты кейіпкерлерінің бірі, бейбітшілік күрескері, суретші Кəріпбек Күйіков

    Түісірілім барысы қиынға соққанымен қысқа мерзімде түсірілген фильм Алматы көрермендеріне жол тартпақ.

    Қаз дауысты Қазыбек би


    «Қамшы» сілтейді

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Әнші Мәдина Ералиева туралы құпия ашылды

    Қазақтың күміс көмей әншісі Мәдина Ералиева 2000 жылы қапияда жол апатына ұшырап, ажал құшқан еді. ...