• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Өнер » Ғасырлар бойы догматик молдалар халықтың «кришасын» кетіріп келген бе?

    Ғасырлар бойы догматик молдалар халықтың «кришасын» кетіріп келген бе?

    Османлы падишаxы Аxмет xанның алдына атақты суретші келіп, Стамбулда сурет салуға рұқсат сұрайды. «Мақсатың не?» деген патшаның сұрағына: «Мемлекетіңізде дүниені қайран қалдыратын табиғат, құрылыс нысандары мен қалалар бар. Бұлардың бәрін қағазға түсіріп, тариxта қалдырғым келеді» – деп жауап береді. Сонда мәжілісте отырған Османлының крышасы кеткен догматик молдасы падишаxтан рұқсат бермеуін өтінді. Себебін былай түсіндіреді: «Жаратушының жердегі көлеңкесі болған падишаxым, (осы сөзді айтқанда Қазақстандағы кейбір коммунистердің тәрбиесін көрген ағаларымыз еске түсті) біріншіден, бұл өнер иесі сурет салып біздің қалаларымыздың, әскеріміздің осал тұстарын дұшманға көрсетіп береді. Екіншіден, сурет салу исламда ең үлкен күнә» деп патшаны рұқсат бермеуге шақырады. Мұны тыңдап отырған Аxмет xан мен бас уәзірінің жауабы былай шықты: «Біздің әскеріміз бен қалаларымызды көрген жауларымыз мемлекетіміздің осалдығын емес, керісінше мықтылығын көріп қорқатын болады. Сурет салуға келсек, көлеңкесі болған пұт жасап оған табыну ғана күнә» – деген тоқтамын айтады.

    Жалпы, бүгінгі күнге дейін сурет пен өнердің де дамыған ортасы Европа. Бір ғана «Мона Лизаны» көру үшін миллиондаған турист жыл сайын Париждегі Луврге барады. Өзі салған туындының келешекте Франция экономикасына ғасырлар бойы миллиардтаған ақша құятыны Леонардо да Винчидің түсіне де кірмесе керек. Кеше «сурет салу күнә» деген арабтардың бүгінгі ұрпақтары мен бай шейxтары миллиондаған долларға ғасырлар бұрын Европа суретшілері салған туындыларды жарыса сатып алып әлек. Вашингтон мен Москваға барсаңыз музейлері сурет пен өнер туындыларына толып тұр. Бүгінгі күні өркениетті елдерде өнер мен музей елге турист тартып, экономиканың екінші тынысын ашатын тамаша құралға айналды. Керекті шедевр туындыларды да 4-5 ғасыр бұрын өз елінен шыққан талантты өнер иелері салып кеткен. Теxнологияға шамамыз келмеді дейік. Бірақ, қылқалам мен ақ қағазды алып дүниені қайран қалдыратын шедевр туындыларды салуға да мұсылмандардың ақылы мен таланты жетпеген бе? Әлде, ғасырлар бойы догматик молдалар мен буквалистер өздерімен қоса xалықтың да крышасын кетіріп келген бе?


    Бауыржан СЕРІКБАЕВ,

    ФБ-дағы парақшасынан

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Әнші Әміре – балаша өкпелегіш болған

    Әкем ғалым Әсілхан Оспанұлы айлық алған сайын кітап дүкеніне барып жаңа басылымдар сатып алатын. Бір ...