• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Өнер » «Астанада жоқсың», «Алматыда жоқсың» деп айтылатын әнді шығарған кім екенін білгіңіз келсе…

    «Астанада жоқсың», «Алматыда жоқсың» деп айтылатын әнді шығарған кім екенін білгіңіз келсе…

    Ютубтан 35 миллион көрілім жинаған Ерке Есмаханның орындауындағы «Қайда?» әні жастар арасында хит. Алайда, көпшілігіміз осы әннің авторы үржарлық Диана Исмаилова екенін біле бермейміз, дейді Алтайньюс тілшісі.

    Бүгінгі күні Т. Жүргенов атындағы өнер академиясын аяқтап отырған «Негры» эстрадалық тобының әншісі, жас композитор Диана Исмаилова «Қайда?» әнін сөзімен қоса  9 сынып оқып жүген кезінде Үржарда жазған. Кейін мектепті тәмамдап, Алматыға келген соң ол туындысын қайыра қолға алып, аранжировкасын жасай бастаған. Осы кезде аталмыш ән  әлдекімдер арқылы Ерке Есмаханның құлағына жетеді.  Ерке Есмахан репертуарына алып орындағысы келетінін айтып Дианаға хабарласыпты.

    Диана екі-үш күн ойланып, қинала-қинала рұқсатын берген.

    • Әннің кейбір шумақтарын ақын Қайнар Алагөзов жазып, тағы бірнеше қала аттарын қосты. Мен оған аса ренжи қоймадым. Өйткені, әннің барлық авторлық құқықтары менде сақталған,-дейді ол.

    Ән эфирге кетіп, шырқала бастағаннан соң бір айдан кейін қырғыздар хабарласыпты. Қазір қырғыз әншісі Гүлназ Чыныбек қызы әнді өз тіліне аудартып, қырғызша айтып жүр. Ол жақта да жастардың сүйіп айтатын әніне айналған. Үржарлық Диана алдағы өмірін тек өнермен байланыстырып отыр, деп хабарлайы informбюро.

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Алматыда Батырхан Шүкеновтың атында көше пайда болды

    Алматыда Батырхан Шүкеновтың атына көше берілді Бүгін Алматы мәслихатының сессиясы барысында Алатау және Бостандық аудандарындағы ...