• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Нарық » Қазақстан сыртқы қарыздарын жапты

    Қазақстан сыртқы қарыздарын жапты

    Қазақстан Қытайдың мемлекеттік және қаржылық ұйымдарынан тартқан сыртқы қарыздарын жапты

    АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. 2018 жылғы бірінші тоқсанында Қазақстанның сыртқы қарызы 0,8 миллиард АҚШ долларына қысқарып, 166,6 миллиард АҚШ долларын құрады, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

    «Қарыздың азаюына Қытайдың мемлекеттік және қаржылық ұйымдарынан тартылған сыртқы қарыздардың өтелуі, сондай-ақ қазақстандық эмитенттердің борыштық бағалы қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі және соның салдарынан оларға сұраныстың құлдырауы себеп болды», — деп жазылған хабарламада.

    Бейрезиденттердің қолдарындағы Ұлттық банктің 1,4 миллард АҚШ долларына тең қысқа мерзімді ноттары осы кезең ішінде 3 еседен астам ұлғайды.

    2018 жылдың 1 сәуірінде 27,1 миллиард АҚШ долларын құраған мемлекет бақылайтын ұйымдардың сыртқы борышы (банктер мен мемлекеттік сектор капиталына 50%-дан астам тікелей немесе жанама қатысатын ұйымдар) жеке қарастырылады. 2018 жылдың бірінші тоқсанында шетелдік еншілес ұйымдардан алынатын сыртқы қарыздарды игеруді жалғастыру есебінен Қытай банктері алдындағы кредиттер мерзімінен бұрын өтелді, сондай-ақ квазимемлекеттік эмитенттер еурооблигацияларының нарықтық құны төмендеді, соның арқасында қарыз 0,3 миллиард долларға азайды.

     

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *