• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Нарық » 2018 жыл Туризм жылы болып белгіленді.

    2018 жыл Туризм жылы болып белгіленді.

    Бүгін Түркі кеңесі аясындағы туризм саласына қатысты “ЗАМАНУИ ЖІБЕК ЖОЛЫ” жабасы бойынша 12 отырысы Алматы қаласында өтті. Басты тақырып-Түркі кеңесіне мүше елдер арасында арасындағы туризм саласын дамыту мақсатында қолға алынған “Замануи Жібек Жолы” жобасы. Сөзім түсінікті болу үшін айта кетейік, 2009 жылдың  3 қазанында Әзірбайжанның Нахчыван қаласында түркітілдес мемлекеттердің басшыларының IХ саммитінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың ұсынысымен құрамына: Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия мүше болып енген- Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығының кеңесі (ТТМЫК) дүниеге келген болатын. Атауынан да аңғарылып тұрғандай ұйымның алға қойған мақсаты-тарихи мен мәдениеті бір, тілі мен ділі, діні  әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі ортақ түркітілдес  халықтарының бірлігін нығайту,  екендігі  айтылады. Алматыда өткен аталмыш шараға Түркі кеңесіне мүше елдерден адамдар келген.  Түркі кеңесі бас хатшысының орынбасары Өмер Коджаманның айтуы бойынша, 2014 жылы Бодрумда өткен Түркі кеңесінің шешіміне сәйкес Қазақстан, Түркия, Қырғызстан мен Әзірбайжанның тарихи мәдени мұраларын әлемдік деңгейде насихаттай отырып, аталған елдердің туризм саласын дамыту  мақсат етілген.

    “Халықаралық туризм нарығындағы соңғы үдеріс- туристтер жағажай, теңізбен шектелмей шет елдердегі мәдени мұраларды тануға ұмтылады. Қазақстандағы Алматы, Тараз, Шымкентпен Түркістандағы тарихи ескерткіштер, Арыстанбаб, Ақсақ Темір, Қожа Ахмет Йасауи сынды әлемге танымал тұлғалар, Орта Азияға тән архитектура жатжұрттықтардың қызғушылығын оятары сөзсіз. Біз ұсынатын пакеттер Еуропамен АҚШ нарығындағы бағамен салыстырғанда едәуір арзан. Ал Түркия мен басқа елдер үшін туристердің қалтасына салмақ түсірмейтіндей жағдайлар қарастырылуда деді сөзін қортындылап. Отырыста Түркияның Алматыдағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз мырза екі елдің Түркия мен Қазақстанның арасы уақыт өткен сайын жақындасып,  туристтердің де көптеп екі ел арасына жүре бастағанын тілге тиек етті. “Замануи Жібек жолы” жобасы түркі елдерінің бірін-біріне танылуына, насихатталуына сеп болары анық. “Түркі кеңесінің шешімімен 2018 жылды “Туризм жылы” деп атап, астанасын Троя қаласына бекітті. Келген әр қонақты біз  Кастамонуға, Конья, Сивас, Трояға сиқырлы Стамбулға шақырамыз, және биылғы жылы Қазақ елінен Түркияға 500  мыңнан астам  қонақ келеді деп жоспарлап отырмыз”-, деп сөзін қортындылады Түркияның Қазақстандағы аташесі Нүри Шимшеклер. Замануи Жібек Жолы жобасы туралы толық ақпаратты www.modernsilkroadtour.com арқылы алуға  болады.


     Аида Кожмамбетова,

    Алматы қаласы

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *