• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Ұлттық ойын » Ұлттық ойындарымызды ұлықтайық

    Ұлттық ойындарымызды ұлықтайық

    Жылда Наурыз мерекесінің қарсаңында спорттың әр түрінен Ұлыстың ұлы күніне арналған турнирлер көбейіп кетеді. Республикалық көлемдегі таэквондо, футбол додаларын айтпағанның өзінде ауыл-аймақтардың өздерінде де осындай турнирлер көптеп өткізіліп жатады. Әлбетте, бұған қарсы шыққалы отырған жоқпыз. Дегенмен өздеріңіз ойлаңыздаршы, атам қазақ Ұлыстың ұлы күнін осындай спорт түрлерімен қарсы алған ба? Неге осы атаулы мейрамды пайдаланып, өзіміздің ұлттық ойындарымызды ұлықтап қалмасқа?Қазақтың төл спорт түрлері өте көп. Сіз бен біздің білетініміз солардың аз бөлігі ға­на. Ал Туризм және спорт академиясының ви­це-президенті Елемес Әлімханұлы бізде ұлт­тық спортымыздың түрі 350-ден аса­тынын айтып, дәлелдеп бағуда. Алайда бұл да нақты цифр емес.

    Халықтың арасында әлі анықталмаған спорт түрлері өте көп. Соның барлығын қай­та жандандырып, мемлекеттік деңгейде қол­ға алар болсақ, болашақта солардың бі­разын Олимпиадалық ойындардың бағ­дарламасына қосуға болар еді. «Наурыз мей­рамына орай» дейміз де, футболдан да, таэквондодан да, бокстан да бей-бе­рекет додалар өткіземіз. Спорттың бұл түр­ле­рі бізде шетқақпай көріп отырған жоқ. Фут­бол, баскетбол сынды ойындардың қа­зақ­қа өкпесі жоқ та шығар. Бұл ойындардан тур­нирлерді басқа уақыттарда да өткізуге бо­лады. Ал Ұлыстың ұлы күнінде, керісінше, ұлт­тық ойындарымызды ұлық­тағанымыз аб­зал еді. Мәселен, былтыр наурыз ме­ре­кесіне орай, өз академиямызда бес тас ойы­нынан турнир өткіздік. Өкініштісі, ере­жесін білетіндер өте аз болды. Жастардың дені оның қандай ойын екенін де білмейді. Сол кезде жүлделерді Моңғолия мен Қы­тайдан келген қандастарымыз иеленген. Ал бес тастың денсаулыққа пайдалы екен­ді­гіне кореялық мамандар осыдан бірнеше жыл бұрын көз жеткізген. Міне, Наурыз ме­рекесін пайдаланып, осындай ұмыт қа­лып бара жатқан ойындарымыз бен спорт түр­лерімізді насихаттап қалуымыз керек. Мә­селен, атам қазақ Ұлыстың ұлы күнінде жай ғана ат жарыстарын өткізіп қоймаған. Тұл­парларын сәндеп, салтанаттық парад се­кілді шаралар ұйымдастырған. 

    Жастар қыз бен жігіттер арасында ақсүйек, ал­ты­бақан, қыз қуу секілді ойындарды өткізген. Қа­зір бұлар мүлдем өткізілмейді», – деді қынжыла сөйлеген Елемес Әлімханұлы.

    Расында, неліктен футбол, теннис, таэк­вондо сынды спорт түрлерінен турнирлер өт­кізгенше, наурыз мейрамында өзіміздің төл спорт түрлерімізді насихаттамасқа?! Мә­селен, әкімшіліктер, қоғамдық қозға­лыс­тар Ұлыстың ұлы күнінде қазақ кү­ре­сінен, тоғызқұмалақтан, арқан тартыс, тең­ге ілу секілді спорт түрлерінен турнирлер өт­кізсе, түркі халқына ортақ бұл мейрамға өзін­дік бір әр берер еді ғой. Ал баба­ла­ры­мыз­дың ең сүйікті ойындарының бірі ау­дарыспақ ше? Оның жапон сумосынан қай жері кем?

    – Жапондар сол сумосын Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізуге бар күшін салып жатыр. Жақын уақытта мақ­саттарына жетеді де. Ал сол сумодан біздің қазақ күресіміз немесе аударыс­па­ғы­мыз әлдеқайда қызық емес пе?! – деп ойын білдірген Халықаралық «Алаш» сый­лы­ғының иегері, қазақтың салт-дәстүрлерін зерт­теуші Кәдірбек Сегізбай әңгімесін бы­лай жалғастырды:

    — Сумоның мақсаты – қар­сыласын шеңберден шығарып тастау. Ал ауда­рыспақта білектілер бір-бірін аттан ау­дарып жіберуге тырысады. Енді бұл екі спорт түрінің қайсысы қызық екенін өз­де­ріңіз сомдай беріңіздер. Егер осындай ұлт­тық спорт түрлерімізді Ұлыстың ұлы кү­нін­де барынша ұлықтасақ, онда наурыз ме­рекесінің нағыз иісі сезіліп тұрар еді. Сон­дай-ақ бүгінде Наурыз мерекесін жа­бық ғимараттың ішінде тойлау дәстүрге ай­­налып барады. Ал бабаларымыз бұл ме­ре­кені жабық кешенде өткізбеген. Жа­зық далада тойлап, әртүрлі спорт түрлерінен додалар ұйымдастырған. Әл­бет­те, ауа райының қолайсыздығын сыл­тау етуге болатын шығар. Бірақ есімде, бала кезі­мізде біздің шығыста күн суық, жер қарлы болса да Наурыз мерекесін далада той­лайтын. Шана жарыстарынан бәсекелер өткізетін. Қар үстінде ойналатын басқа да ұлттық ойын­дарымыз аз емес. Тағы бір айтарым, Се­гіз сері деген болған екен. Жанында 365 се­рісі болған деседі. Олар ауыл-ауылдарды ара­лап, сауық-сай­ран құрған кезде кез кел­ген мейрамың тойға айналатын. Бүгінде де осындай Сегіз сері секілді серілер керек. Нау­рыз мере­ке­сін­де әнші, спортшы, өнер­паз секілді жұл­дыздардан сондай топтар құ­рап, ауыл-аймақтарда гастроль жасаса, ол жақта бұл топтар спорттық шаралар өт­кізіп, салтанат құрса, халықтың есінен кет­пес мейрам болар еді.

    Ерғали МУХИДЕНОВ, Қазақтың туризм және спорт академиясы ұлттық спорт түрлері кафедрасының меңгерушісі:

    – Қазақтың кез келген төл спорт түрлерін Наурыз ме­ре­кесінде өт­кізе беру керек. Әлем­дік ойын­дар он­сыз да елі­мізде кеңінен қа­­нат жайып ал­ды ғой. Ал бұл мейрамда ал­дымен өзі­міздің ұлттық ойын­­дарымызды ұлық­тап, со­дан кейін ғана бас­қа спорт түр­лерінен жа­рыс­тар өт­кі­зуіміз қажет. Қа­зір елімізде ұлт­тық ойын­дарды дамыту мық­тап қолға алынғанымен, жағ­­дайы әлі де мәз емес. Ұлт­­тық ойын­дарымыздың бар­­ша қазаққа кеңінен жа­­йы­луына осы Ұлыстың ұлы кү­ні себепші болса, мен қуа­нар едім.


     Әзиз ЖҰМАДІЛ, «Алаш айнасы».

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Асық атқан қариялар

    Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесі ұлттық спорт түрлері мен саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Асық ату» ...