• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Өлкетану » «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» мұражайы
    ?????????????

    «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» мұражайы

     

    Қарағанды жеке еңбекпен түзету лагері (Қарлаг) 1931 жылы 19 желтоқсанда құрылған. Лагердің орталығы Абай ауданы, Долинка кентінде орналасқан. Қарлаг аумағының ұзақтығы солтүстіктен оңтүстікке қарай – 300 км, шығыстан батысқа қарай– 200 км.

    Сонымен қатар, осы аумақтан тыс жерде: орталық лагерден 350 км қашықтықта орналасқан Ақмола, орталық лагерден 650 км қашықтықта орналасқан Балқаш бөлімшелері болған. Долинка кенті Қарағандыдан оңтүстік-батысқа қарай 45 км қашықтықта Шерубай нұра өзенінің аңғарында орналасқан.

    Долинка кентіндегі «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» мұражайы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес 2002 жылы құрылды. Қарлагтың экспозициялық алаңы 2078,645 ш. м құрайды, мұражай қорында көптеген жәдігерлер бар: карталар, суреттер, құжаттар, кітаптар, сонымен қатар Қарлаг тұтқындарының жеке заттары.

    Қарлаг басқармасының ғимараты 1933-1935 жылдары мыңдаған тұтқындардың күшімен салынды. Бұл 2 қабатты ғимараттың жалпы алаңы 3,5 т. ш.м құрайды. Грек-римдік үлгіде салынған ғимараттың колоналары ғимаратқа айбарлы сипат беріп тұрғандай әсер қалдырады. 1961 жылы ғимаратта ауылшаруашылық техникумы болды. 1971 жылдан 90-жылдарға дейін мұнда «Бригантина» балалар шипажайы болған. 90-жылдардың басында ғимарат «Қарағандыкөмір» бірлестігіне берілген және кеншілер үшін демалыс үйін салу жоспарланған. Кейіннен кәсіпорын банкротқа ұшырауына байланысты ғимарат сатылымға қойылды. 2005 жылы ғимарат Долинка кентіндегі «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу»  мұражай балансына берілді.

    «Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайы» Республика Президентінің тапсырысы бойынша Қарағанды облысы әкімінің 24.02.2001ж. өкімімен және Шахтинск қаласы әкімінің 30.11.2001г.  шешімімен құрылған. Заңды тұлға ретінде мұражай Әділет басқармасында 19.03.2002ж. тіркелген және коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын дәрежесіне ие. 2005 жылдан бастап мұражайдың құрылтайшысы Қарағанды облысының әкімдігі, мемлекеттік басқару органы – Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасы.

    Саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайының мақсаттары мен міндеттері — Қарлаг ескерткіштерін кешенді зерттеу, жүйелеу, сақтау және зерттеу, аймақта тұрып жатқан халықтардың моральдық әлеуетін насихаттау және қалың бұқараның Қазақстан көлемінде орналасқан концлагерлердің жазықсыз құрбандарын есте қалдыруға ұмтылысы негізінде тарихи-мәдени мұраның жинақталуы мен тапсырылуын қамтамасыз ету болып табылады.

    Мұражай ІІХК Қарлаг Басқармасының ғимаратында орналасқан. Ғимараттың жалпы ауданы 3326,6 ш.м құрайды, оның ішінде экспозициялық-көрмелік ауданы 1821,69 ш. м, қор сақтайтын қоймасы – 112, 06 ш.м, құрылыс ауданы 1524,1 ш.м.

    2016 жыл мерзімінде  1574 экскурсия өткізілді. Сол танда музейді Польшаның Қазақстандағы елшісі Мачей Ланг, Испанияның елшісі Педро Хосе Санс, АҚШ Елшілігінің мәдениет және білім жөніндегі атташесі Меган Тетрик,  Белостоктағы (Польша) экономика Жоғары мектебінің ректоры Александр Прокопюк, елшінің пресса, мәдениет және білім жөніндегі кеңесшісі Алиша Вудвард,  тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеттің профессоры Мұсағалиева Арайлым Сәбитқызы, РФ Қоғамдық пікір Орталығының Бас директоры Федоров Валерий Валерьевич, Польша, Ресей, Украина, Алмания, Испаниядан тәу етіп Владислав Буковинскийдің беатификациясына келген киелі мессаға қатысушылар, жақын және алыс шет елдердің азаматтары, студенттер, оқушылар, Қазақстанның және Ресейдің ЖОО шәкірттері және басқалары аралап көрді.

     


    “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында 

    Қарағанды обылсы әкімдігінің мәдениет,

    архивтер және құжаттама басқармасы мен

    “Адырна”ұлттық порталының  бірлескен жобасы


     

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    8-аймақта – 8-керемет. VIII ғасырда салынған Ақыртас қамалы

    Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында орналасқан көне қала сонау VIII ғасырда салынып, белгісіз себептермен құрылысы ...