• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Өлкетану » Бұланты ескерткіші
    OLYMPUS DIGITAL CAMERA

    Бұланты ескерткіші

    Бұланты  шайқасы болған жерге қойылған ескерткіш Ұлытау өңіріндегі Бұланты және Білеуті өзендері аралығында орналасқан  XVIII ғ. салынған ескерткіш.

    Салтанатты шеру сәнді де көрікті реңімен көз қызықтырады.  Ең әуелі Бұланты-Білеуті өзендері арасындағы Үйтас қойнауында  болған Бұланты шайқасы қаһармандары құрметіне орнатылған ескерткіш.

    Тарихшылардың зерттеуінше, он сегізінші ғасыр­да халқымыздың  басына түскен ірі нәубет  – «Ақ­табан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» ауыр апаты жеті жылға созылған екен. Мұның үлкен қасірет әкелгені анық. Қазақ хандығының шығыс және оңтүстік өңірлерін басып алған жоңғарлар бағынышты жерлеріне білгенін істеп, өзі күйзелген елді адам  төзгісіз алым-салық төлеуге мәжбүрлеген.

    Талас пен Сырдария өзендері бойындағы қазақ ұлыстарын ойрандаған дұшпандар енді Ұлытау жақтағы кең далаға көз сұғын қадаған. Осындай сын кезеңде бірігіп, басқыншы жауға тізе қоса қимылдау мақсатында 1726 жылы Бадам өзені маңындағы Ордабасыға жиналған Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Күшік, Жолбарыс хандар мен сұлтандар Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бастаған әр рудың билері мен батырларын шақырып, бүкіл қазақтың жиынын өткізеді.

    Басқыншы жауға тойтарыс беру жайы қызу  талқыланып, біріккен майдан құруға анттасқан алқалы жиында бүкіл қазақ жасағының бас қолбасшысы болып Әбілқайыр хан, сардар бегі болып Қанжығалы Бөгенбай батыр сайланады.


       “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында

    Қарағанды облыстық мәдениет, мұрағат

    және құжаттама басқармасы мен “Адырна”

    ұлттық порталының бірлескен жобасы

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    8-аймақта – 8-керемет. VIII ғасырда салынған Ақыртас қамалы

    Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында орналасқан көне қала сонау VIII ғасырда салынып, белгісіз себептермен құрылысы ...