Айша бибі кесенесі ХІ-ХІІ ғасырларда тұрғызылған ортағасырлық архитектураның ең үздік нұсқасы.

Біздің ғажап өлкемізге аяқ басқан әрбір адам мұсылман әлемі құрмет тұтатын, «әулие орын» деп аталған ортағасырлық сәулет өнерінің інжу-маржаны. Кесене қабырғаларының сыртқы жағы қолдан ойылған ою-өрнектері бар 62 түрлі терракот қыш тақталармен көмкерілген. Әр қилы үйлесім мен нұсқалардан тұратын, түрлі өсімдік гүлдері мен геометриялық түрлер сарынындағы өрнектерге бай. Бұл орталық Азия мен Қазақстандағы өнбойы ою-өрнектермен көмкерілген жалғыз ескерткіш. Терракот қыш тақталардың 18-ші қаланымында арабтың куфа әріптерімен оюланған «Күз…бұлттар…жер ғажайып…» деген тылсым сөздер  жазылған. Кесененің ішкі жағында жер бесік тұр. Аңыз бойынша кесенені ғашығы Шаһ Махмуд Қарахан салдырған екен.

Жерленген адам туралы тек аңыздар ғана сақталған. Аңыздардың бірінде Тараз билеушісі Қараханға іңкәрлік сапары кезінде жылан шағып, қайтыс болған, Зеңгі баба мен Ануар бегімнің ару қызы Айша бибі туралы айтылады. Аңыз бойынша – Қарахан өзінің сүйіктісіне арнап керемет кесене салдырған.


“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында 

Жамбыл обылсы әкімдігінің мәдениет,

архивтер және құжаттама басқармасы мен

“Адырна”ұлттық порталының  бірлескен жобасы


 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ