• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Өлкетану » Қасиетті Әулие тау 

    Қасиетті Әулие тау 

     Қасиетті Үш жүздің басын қосқан  — Ұлытау. «Ұлы» сөзінің мағынасы түркі тілінде «Жаратушы», «Құдай», «Тәңір» деген ұғымдарды білдіреді.

    Біздің ата-бабаларымыз үшін Ұлытау таулары батыс Сарыарқаның ең биік нүктесі ғана емес, сонымен қатар, оның кіндігі барша жаратылыс атаулы өз бастауын алатын тамыры, «дүниенің өзегі»ретінде танылады.

    Санаға сіңген сенім бойынша оның шыңы көк зеңгірге бәрінен де жақын, дәл сол арада Аспан мен Жер қауышады. Сондықтан да тау тым ерте кездерден киелі орын. Құдайлар мен рухтардың мекені, қасиетті күштер тұрақты түрде әрекет ететін жер, ырым-жоралар орындалатын, адамның табиғатпен тым нәзік байланысын қамтамасыз ететін биіктік саналды. Оның адам мен табиғаттың өзара байланысын орнықтыратын құдіреті бүгінгі күнге дейін сақталған.

    Ұлытауға Әлемдік Тау ретінде тағзым ету ерте замандардан бастау алады. Ғалым, тарих ғылымының докторы, профессор В.Зайберттің айтуы бойынша бұл жерде қола дәуіріне тән  жерлеу орындары (қорымдар) бар.

    Қазақтың ғалымы Қаныш Сәтбаевтың «Менін отаным-Қазақстан» кітабында Ұлытаудың ең биік нүктесі-Әулиетау (1134) деп атап жазады.

    Әулиетау етегінде шипалы бұлақ бар, шипалы суымен Гүлсара  ана ем жасаған,  сумен  ішкі құрылыс, асқазан, бүйрек, бүйрек тастарын алған.  Сонымен қатар емдік шөппен де емдеген. Олар: мойыл,ит мұрын, долана, қарақат шөптері.

    1997 жылы жергілікті халықтың қолдауымен Б.Аяшев Әулиетаудағы жеті әулиеге белгі тастар орнатылды.

    2000 -2001 жылдары  шипалы бұлақ басына белгі тас, шарбақ орнатылды.

    2007-2008 жылдары Әулие тауға барар жалғызаяқ жол жасалып, әулиелердің дене топырақтары тастармен қоршалды.

    2010 жылы «Ұлытау»  ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық- мұражайы, арнайы құрылған «Ұлы тағзым» қоғамдық қоры, «Ұлытау-Ел» ЖШС-мен бірігіп, «Ұлытау-Ел»  дәстүрлі мәденит орталық құру ұсынылды.

    Орталықтың негізгі бағыты –Ұлытау дүние жүзіндегі әлемдік тағзым таулармен қатар пайда болғанын айқындап, туризм кластерін дамытуда басты рол атқаруы, қазақстандықтардың патриоттық сезімін туғызу.

    Ұлытау- табиғи-киелі ландшафттарға тағзым ету үшін арнайы сапар шегу үлгісі сонау қола дәуірінен бастау алатын, тамыры тереңге тартқан,құдайдың нұрына бөленген тау.

    Елбасымыз Н. Назарбаев атап көрсеткендей, Ұлытау-қасиетті мекен болып бағаланады. Келешекте туризм орталығы болып, халқымыз тәу ететін қастерлі жер болып қалады.

    Ұлытауды көздің қарашығындай сақтау, оның мәртебесін көтеру өз қолымызда.


       “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында

    Қарағанды облыстық мәдениет, мұрағат

    және құжаттама басқармасы мен “Адырна”

    ұлттық порталының бірлескен жобасы

     


     

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    8-аймақта – 8-керемет. VIII ғасырда салынған Ақыртас қамалы

    Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында орналасқан көне қала сонау VIII ғасырда салынып, белгісіз себептермен құрылысы ...