• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Өлкетану » Қарахан кесенесі (ХІ-ХІІ ғғ.)

    Қарахан кесенесі (ХІ-ХІІ ғғ.)

    Кесене Қараханидтер әулетінің көрнекті тұлғасының бірі – Шах Махмуд Қараханға арналып салынған. Кесенені салушы шебердің аты-жөні тарихта сақталмаған. Кесененің алғашқы нұсқасы біздің заманымызға жетпеді. 1906 жылы жергілікті тұрғындардың күшімен алғашқы кесененің орнына қайта салынған, алайда оның сәндік өрнектері жойылған. Кесененің алғашқы келбеті мен сәулеттік құндылығын  тек 1902 жылы түсірілген фотосуреттен ғана көре аламыз. Суретте кесене шаршы формалы. Бас қасбетінде кірпіштен өрілген өрнектер бар. 1961 жылғы қазба жұмыстары кесенені сәндеу үшін 30-ға жуық түрлі терракоттар пайдаланылғанын анықтады. 1836-1936 жылдар аралығында Тараз қаласы Қараханның құрметіне Әулиеата деп аталды.

    Қазір бұл жер бесік орналасқан орталық залы, үш бұрышында үш худжра бөлмелері бар порталды-күмбезді құрылыс. Қарахан кесенесінің қабырғалары патшалық кезеңінің кірпіштерімен өрілген. Күмбезі мен аркалық ойықтары ғана ХІ ғасырдағы кірпіш-плиткалармен салынған. Кіре беріс маңдайшасында: «Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі»- деген Құран сөздері өрнектелген.


     “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында 

    Жамбыл обылсы әкімдігінің мәдениет,

    архивтер және құжаттама басқармасы мен

    “Адырна”ұлттық порталының  бірлескен жобасы


     

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    8-аймақта – 8-керемет. VIII ғасырда салынған Ақыртас қамалы

    Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында орналасқан көне қала сонау VIII ғасырда салынып, белгісіз себептермен құрылысы ...