Ақыртас кешені VІІІ-ХІІ ғ.ғ. үлкен бітеу тастардан тұрғызылған ортағасырлық сарайы кешені. Бұл тарихи кешен – күрделі құпияға толы алып нысан. Тіптен мұның құрылысына қарап еріксіз таң қалмасқа амалың жоқ. Оның 70-ке жуық бөлмелері бар болған. 15 колонна галереясы мен ортада жарты гектар ашық алаңы бар,сырт қабырғаларының ені 5 метр болып, ірге тасы 2 метр тереңдікке қазып орнатылған ірі тас блоктармен қаланған. Ақыртас кешені – күрделі құпияға толы нысан ретінде Египет кереметтері, Афины Акропольдары, Рим колизейі, Перудегі Майя сарайлары және Антикалық аңыздармен деңгейлес жатқан алып құрылыс деңгейінде бағалануда. Археологиялық және архитектуралық зерттеулердің нәтижесінде Ақыртас маңынан бірнеше нысандар табылды. Керуен сарай кешені, монументальды құрылыс, ұзын жақтарымен солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталған.

Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан Ақыртас кешені 2014 жылы 25 маусымда Катар мемлекетінің Доха қаласында өткен ЮНЕСКО-ның 38 сессиясы барысында Бүкіләлемдік Мәдени Мұралар тізіміне енгізілді.


 “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында 

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет,

архивтер және құжаттама басқармасы мен

“Адырна”ұлттық порталының  бірлескен жобасы


 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ