• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Көкейкесті » Оралман мәртебесі ұзартылатын болыпты

    Оралман мәртебесі ұзартылатын болыпты

    Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының көші-қон бөлімі  қала тұрғындарына мына жағдайды хабарлайды: Елбасы 2018 жылдың 16 сәуірінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң 28 сәуірде ресми ақпарат құралдарында жарияланып, қолданысқа енгізілді.Аталған заңға сәйкес, Халықтың көші-қоны туралы Қазақстан Республикасының  2011 жылғы 22 шілдедегі №477-IV Заңының бірнеше баптарына өзгеріс енгізілді. Соның ішінде 21-бапқа өзгертулер мен толықтырулар енгізді.  Бұл бап оралман куәлігінің қолданыс мерзімі тоқтатылған оралмандар үшін тағы бір мүмкіндік берілген қуанышты жағдай болып отыр.

    21-баптың  2-тармағында «Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін береді, немесе ұзартады, немесе беруден немесе ұзартудан уәжді түрде бас тартады» — деп көрсетілген. Яғни, оралман куәлігін алып, бір жылдың ішінде жеңілдетілген тәртіппен азаматтыққа құжаттарын өткізе алмаған оралмандар, куәліктің қолданыс мерзімі тоқтатылған кезден бастап алты ай ішінде ұзартуға өтініш бере алады.

    Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын этникалық қазақтар оралман мәртебесі тоқтатылған күннен бастап алты ай өтпеген оралман мәртебесін ұзарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган үш айдан аспайтын мерзімге бір рет қабылдайды. Ұзартуға өтінішті мемлекеттік орган  немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы беруге болады, деп хабарлайды aqparat.info.

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Моңғолия қазақтарына қолдағы малдарымен көшуге рұқсат берілсе

    Қандастар» жобасы аясында әр тараптан келетін оралман қазақтардың мұң-мұқтажын тыңдау міндетіміз. Қызығы әр елден келетін ...