• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Көкейкесті » Бекболат домбыраны «Шайтанның даңғырлағы-ай…» деді

    Бекболат домбыраны «Шайтанның даңғырлағы-ай…» деді

    Астанадағы Бекболат Тілеуханның үйінде болған кездесу кезінде болған бір қызық жайтты айта кеткім келеді. Отырыстың арасында намаз оқып алу үшін бәріміз көрші бөлмеге шықтық. Енді намазға сап түзеп тұра беріп едік, терезеден соққан самал қозғаған болу керек, қабырғада ілулі тұрған арнайы жасалған қымбат бағалы домбыра жерге тарс етіп құлап түсті. Құдайға құлшылық жасау алдында терең ойға бойлай бастаған біз селк ете қалдық. Өзін Халил ұстаздың алдында ыңғайсыз сезінген Бекболат «Шайтанның даңғырлағы-ай…» деп, жерде жатқан домбыраны жұлқи тартып орнына іліп қойды да, кінәлі адамша күйбеңдеп барып, қайыра кеп сапқа тұрды…

    Халилдің діни біліміне тәнті болып, оны өзіне ұстаз санай бастаған Бекболат Тілеухан да сөзге шешен адам. Мұсылмандардың әдебі жөнінде болған бір әңгімеде Бекболат Халилге қаратып былайша сөз бастады: «Мұсылман адамның Мұхаммед пайғамбарымыз бен сахабаларға қарап бой түзегені дұрыс қой. Бірақ маған Алла бой бермеді. Бойы пәкене адам балағын қысқартып, сақалын ұзын қойса, сырттан қараған жұртқа тіпті күлкілі көрінеді емес пе. Оның үстіне депутатпын, елдің, халықтың көз алдында жүремін. Халилжан-ау, осы біз сияқтыларға жеңілдік бар ма?!» деді қулана. «Беке, сізге рұқсат», – деп күлімсіреді Халил. Бұл әңгімені Халил ұстаздың о баста мәмілешіл болғанына дәлел ретінде айтып отырмын.


    Тұрарбек ҚҰСАЙЫНОВТЫҢ

    «Мен қалай рухани жаңғырдым» кітабынан үзінді
    «Жас Алаш».

    Материалдың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар: https://zhasalash.kz/11390/

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Еуропарламент Өмірхан Алтынның өтініші негізінде Брюссельде Қытай Қазақтарының мәселесі талқыланды

    15 мамыр 2018 жыл, сейсенбі күні Еуропа парламентінің адам құқықтарын қорғау жөніндегі комитетінің Брюссель қаласындағы ...