• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Көкейкесті » Азаматтық неке кімдерге тиімді

    Азаматтық неке кімдерге тиімді

    -Ой күйеуім звандап жатыр, -деді құрбымыз Әлима бір басымыз қосылып саябақта  қыдырыстап жүргенде. Құрбымызды күйеуге тиді деп естімеген біздің таң қала қараған көзқарасымыздын еш қымсынбастан, Әлима «азаматтық некедеміз, бір-бірімізге үйренгенше солай деп шештік»- деп күлімсіреп қойды. Телефонмен сөйлесіп келгенен кейін Әлиманы ортаға алып азаматтық некенің жауапсыздығы жайында айта бастап едік, қабағын шыта қараған ол «сендердің ойларыңды оқып тұрмын, менің бар, бай жерге барғанымды қаламайсыңдар, әйтпесе заңды неке мен азаматтық некеде не айырма бар бір жапырақ қағаздан өзге, ең бастысы махаббаттың берік болса болғаны, өз махаббатына сенбейтіндер ол заңды некемен тұрамын дейтіндер қыздар, айтыңдаршы ата бабамыз қай загске тіркеліпті. Қандай некеде тұрсақта мені Болат сүйеді. Жастарың отызға келгенше жүресіңдерме сендерде тауып алыңдар, зато мен қызғанбаймын» өз сөзінен басқаны естімеген,  керісінше өзімізге морал оқи жөнелген құрбымызды тоқтата алмай қалдық.  Асығыс «уақытша» күйеуіне асығып, кетіп қалған құрбымның осы ойсыздығы қалам тербеуіме себеп болды.

    Бүгінгі көп жастардың азаматтық неке туралы ой пікірі міні осындай…  Азаматтық неке заң тұрғысынан алып қарасақта, дін жағынан да адамгершілік тұрғысынан да теріс сипатта.  Біріншіден заң алдында жауапкершілігі жоқ болғандықтан ажыраса қалған жағдайда екі жақтың да мүдесі қорғалмайды. Екі ортада дүниеге келген сәбиге әкелік парызды еркек келіссе ғана мойындата аласыз. Діни тараптан да бұл неке жаряланбағандықтан ашыналық, көшедегі жезөкшедей сипатқа ие. Ал енді Адамгершілік тұрғысынан келсек   «некеге кейін отырамыз қазір жағдай жоқ»-, деп асығып тұрғандар жағдайы келгенде аспай- саспай той жасап, некеге отырсада болар еді ғой.

    Еліміз де жастар әсересе студенттер арасында азаматтық некеде өмір  сүріп жатқандар көп. Оған ең үлкен   себеп жатахана жетпіспушілігі. Ол өз алдына үлкен проблемалық мәселе.  Осы «азаматтық неке» деген ұғым қазаққа қайдан келген. Қарап отырсақ 1950-60 жылдардан бастап ене бастаған бұл некенің  тарихы әрі де  жатыр. Азаматтық неке ұғымы 1580 жылы Нидерландияда пайда болды. Кейін 1791 жылы Францияға, 1836 жылы Англияға, 1875 жылы Германияға, 1917 жылы Ресейге тараған. Енді біздің елге келді. Оның өзгешелігі – мемлекеттік органның тіркеуінен өтуді қажет етпейтіндігінде. «Неке және отбасы» туралы заңда ол туралы ешқандай түсініктеме берілмеген. Сол себепті заң өкілдері мұны әзірге «бейресми некелесу» деуден әрі аспай отыр.                                                                                                        

    Қаракөз қыздарымыздың мектеп қабырғасында жүріп-ақ абройынан айырлып, жүкті болуы осындай келеңсіздікке, некеге деген құрметсіздікке, ер адамның қыздарға деген сенімнің жойылуына, ең бастысы осындай азаматтық некенің көбейуіне  жол береді. Әрине ер адамдарды «судан ақ,  сүттен таза», дей алмайсыз. Ауылдан келген қатал әке-шешенің тәрбиесімен үйден шықпай, ненің не екенін ұғынбаған аңғал қыздар әккі жігіттердің торына оңай түседі. Қыз аяғы ауырлағанда ізім қайым жоқ болып, аяғында жалғыз басты аналардың қатары көбейеді.  Қарап отырсақ жалғыз басты аналардың дені азаматтық некеде тұрғандар.

    Ал  құрбым Әлимаға айтарым ертеде ата бабамыз некені ғана емес, қыздың ақ босаға аттағанда таза болып, абройлы аттауына да ерекше мән берген екен. Барлығымызды жаратқан жаратылыстың бар екендігіне табиғат берген түйсікпен сезіне отырып, молда алдында куәгерлермен неке қиылғанан кейін «разымын» деген бір ауыз сөзді өмір бойына азық етіп, тағдырдың жазуымен ажал айырғанша бірге өмір сүрген.  Не десекте азаматтық некеден зардап шегетін тек әйел адамдар.   Мүмкін батыс елінде басқаша болар. Брақ біздің елімізде осылай..  Менің ойымша өзін аздап болсада құрметтейтін қыздар мұндай сорақылыққа бармаса керекті.    Әрқашан өз бостандығын жоғары қоятын еркектер үшін азаматтық неке таптырмас неке. Керісінше шын сүйсе, осы қыздан айырылып қалармын ау деген оймен   өзі ақ заңды некеге асығады. Демек азаматтық неке шын сүйіскен жастардың некесі емес екен….. Құрбыларым өзімізді аз да болса құрметтейікші, ата анамыз бізді не үшін өмірге әкелгенін ұмытпайық….

                       


                                                                                                                                                       Аида Қожмамбетова                                                            

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Қазақтар қанша жасайды?

    Бірінші байлық – денсаулық. Бұл халқымыздың аузынан ең көп естілетін сөз. Бірақ, көлеңкеде қалып бара ...