Басты бет » Айдарлар » Балдырған » Торғай мен адам

Торғай мен адам

Өткен заманда бір саясатшы тор құрып қойса, торына кішкене бір торғай түсіп қалыпты. Торғайды адам қолына ұстап үйіне апара жатса, торғай тілге келіп былай депті:

— Мен кішкене торғаймын, союға жарамаймын, қапасқа салсаң құсалықпен өлемін. Мені еркіме қоя бер, кең дүниеге жібер. Ақысына сізге екі ауыз ақыл айтайын, – депті.

— Кәне, ақылыңды айт, – депті адам.

— Жарайды, бір ауызын қолында, бір ауызын жерге түскен соң айтайын. Өйткені қос қолдап қысып тұрғанда, өкпем қысылып ештеңе айта алмаймын, – депті торғай.

Аңшы босатыпты.

— Бірінші – өткен іске өкінбе, екінші-көзбен көрмей сенбе! – депті. Торғай анадай жерге қонып отырып: – сен ештеңені білмедің, менің бөтегемде жұдырықтай гауһар бар еді, – дейді. Адам қонып отырған торғайды ұстауға тұра ұмтылыпты. Торғай әр жерге ұшып қонып ұстатпайды. Адам қуып қоймаған соң адамға былай дейді: «Менің жаңағы айтқан өсиетіме түсінбепсің, өзің ақылыңа салшы, менің өзім жұдырықтай жоқпын, менің бөтегеме ондай зат қалай сыяды? Бұл бір. Екінші – мен саған ұстатпаймын, қанатым бар. Сондықтан өткен іске өкінбе» – деп ұшып кетіпті.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

x

Check Also

Баланың сабақ оқуға ынтасы болмаса не істеу керек?

Қазіргі балалар сабақ оқуға эмоционалды түрде дайын емес. Өйткені әсер етуші факторлар көп. 1. Оларға ...