• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Алаш ұлдары » Жұмат Шаниннің немересі: Атама «Сталинді атып кетпек болдыңдар» деген жала жабылды

    Жұмат Шаниннің немересі: Атама «Сталинді атып кетпек болдыңдар» деген жала жабылды

    Жұмат Шаниннің немересі: Атама "Сталинді атып кетпек болдыңдар" деген жала жабылды

    Ⓒqamshy.kz

    3 қыркүйек күні Академияда Қазақтың тұңғыш халық әртісі, кәсіби режиссері, драматург Жұмат Шаниннің немересі Жанна Шанинамен еске алу кездесуі өтті. Аталмыш шараны «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында “Тарихтан тағылым” жобасы негізінде ұйымдастырылды.  Биыл Жұмат Шаниннің туғанына 125 жыл толды.

    Алматы

    Ⓒqamshy.kz

    «Біз сөз еткелі отырған менің атам Жұмат Шанин елінің рух керуенін бастаған біртуар азамат еді. Ол «халық жауы» деген жаламен әділетсіз саясаттың құрбаны болды. Ең ауыр өкініш – халқына адал қызмет еткен ұлын – менің атамды «халық жауы» деген жаламен бүкіл әулетіміз айыпталып,  бірі оңтүстікке, бірі солтүстікке бытырай қашқан. «Спектакльді 10 минутқа әдейі кеш бастады, Сталинге қастандық жасамақ болды» деген жала жабылып, атылып кетті. НКВД-ның жендеттері  «Шанин Жұмат, Сәкен Сейфуллин, Темірбек Жүргенов әдейілеп Мәскеуде қойған «Қыз Жібек» спектаклінің ашылуын кешіктірдіңдер. Үшеуің  И.В.Сталинге қасақана қастандық жасағыларың келген екен ғой!» депті. Оларды мәжбүрлеп  «спектакльге кешігуіміздің себебі үшеуіміз сол он минуттың ішінде екінші қабатқа көтеріліп, Сталинді атып кетпекші болдық» деп «түсініктеме» жаздырады… Артынша Алматыда ату жазасына кесілді. Тек арада жиырма жыл өткенде атамның ісі ақталып шықты». Бұл туралы және Шаниндер әулеті жайлы қоғам қайраткері, педагог Жанна Шанина өкінішпен еске алды. Сондай-ақ, әдебиеттанушы ғалым Рымғали Нұрғалиевтің Ұлы тұлғаның шығармашылығы мен өмірі жайлы жазылған «Арқалық батыр» кітабы  жайлы студенттерге кеңінен әңгімеледі. Айта кету керек, «Арқалық батыр» пьесасын жазумен шектелмей, сахналаған режиссері де Ж.Шанинның өзі болды. Өзі Арқалық батырды сомдай отырып, кәсіби сахнаның дәмін татпаған, ел ішінен жиналған актерлерді ел арасынан жинады. Тіпті пьесада ер адамдар әйелдің кейпін гриммен келтіріп әйел рөлін  ойнап шыққан кезде көрермендер қатты тәнті болғанын ерекше тебіреніспен айтты.

    Алматы

    Ⓒqamshy.kz

    Тұлпардың  тұяғы, асылдың сынығы Жанна Шанина ұзақ жылдар бойы мектепте ұстаздық етуден бастап директор қызметін атқарып келген қоғам қайраткерлерінің қатарында. Осынау  қазақ өнеріне өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғаның тағылымын студенттерге өнеге тұтуға, қазақ өнерін насихаттауға тілек білдірді. Бүгінде есімі ақталып, қазақ елінің ардақты ұлына айналды. Осы  қуанышын жасыра алмаған апай түрлі тәттілермен шашу шашты.

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Күш атасы Қажымұқан ұшақ жасатуға қаражатты қайдан алды?

      1945 жылыдың 24 шілдесінде адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыста жеңіске жеткен Кеңес елінің астанасының ...