• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Алаш ұлдары » Сексен жыл бұрын шабылған бәйтеректер

    Сексен жыл бұрын шабылған бәйтеректер


           Былтыр және биыл «үлкен террор» деп атаған қанды саяси қуғын-сүргіндерге 80 жыл толады. Сонымен қатар, Алаш үкіметінің құруына, Алаш мемлекетінің туының көтеруіне де, Қазан төңкерісі мен кеңес үкіметінің орналастыруына да бір ғасыр толды. Сталиндік қызыл террор Алаш зиялыларын да, кеңес үкіметті орналастырғандарды да аяған жоқ.
    Екі-үш жылдың ішінде қазақтан шыққан білгендер қызыл қырғынға ұшырды,
    көбісі атылды, атылмағандары абақтыда, лагерьде темір тордың ар жағында
    азап тартып дүниеден өтті.
    «37-ші жыл» деген сөз саяси қуғын-сүргіндерді білдіретін қанатты сөзіне
    айналып кетті. Шынымен, Шәкәрімдей, Жүсіпбек Аймауытовтай Алаш азаматтары одан жеті бұрын атылса дағы, Жақып Ақпаев абақты мен айдаудардан кешіп ауру халде қайтып дүниеден озса, Алаш көсемі ақын Міржақып Дулатов 1935 жылы лагерьде қайтыс болса, зиялы қауымның көбісі 1937 жылында қамалды. Кейбіреулері саяси қуғын-сүргіннің бірінші толқыны кезінде ұлтшыл, Алашшыл ретінде сотталып, лагерьлерден бостандыққа шығып, айдаудан қайтып келіп, енді қайтадан қамауға алынды. Сонымен қатар революцияға үлесін қосқан, республиканың басшылығында жүріп коммунистік идеясына бірінші күннен берік болған адамдар да «халық жауларына» айналды. Қысқасы, «байшыл», «ұлтшыл», «пантүрікшіл», «Алашшыл», «троцкист», «бухариншыл», «тыншы (шпион)», «фашист», «халық жауы», «Отан сатқыны» деген сияқты нақақтан жала айып тағылып қазақтың талай оқығандары, ұлттың мүддесін көздегендері, тілеуін тілегендері құрбан болды.
    1938 жылының ақпан айының 25-і мен 26-і аса қайғылы күндер еді.
    Бір күнде халқымыз Сәкен Сейфуллин мен Ілияс Жансүгіровтей ақындарынан, Құдайбереген Жұбановтай тілтанушыдан, Санжар Асфендияровтай дәрігерінен, Темірбек Жүргенев, Сейітқали Меңдешевтей мемлекеттік қайраткерлерінен айрылды. Жалпы Алматыда 80 жыл бұрын бір күнде 39 зиялы атылды.
    Бұдан жарты жыл бұрын Мәскеуде Алаштың Әлиханы мен Нығмет Нұрмақов атылды. Жарты жыл кейін Жаһанша Досмұхаметов та құрбан болды. 1937 жылғы желтоқсан айы Мұхаметхан Сейітқұлов, Елдес Омаров, Асылбек Сейітовтың атылуымен басталды. Сәкен, Ілияс, Бейімбет үш бәйтерек болса, солардың екеуі сұрапыл ақпанның аяғында бір күнде атылса, үшіншісі кейін олардың тағдырын қайталады. Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Халел Досмұхамедов, Мұхаметжан Тынышпаев, Ораз Жандосов, Ораз Исаев, Ұзақбай Құлымбетов, Тұрар Рысқұлов…сұм ажал, қанды қуғын-сүргін ешкімді аямады.
    Бірақ арыстардың аттары, ақындардың шығармалары, ғалымдардың еңбектері тарихтан өшірілмеді. Боздақтардың есімдері ел есінде.
    Жақында «Тар заман» фильмін экрандарға шығуын – ұрпақтардың құрбан
    болған зиялы ата-бабаларымызға алғыс, тағзым ретінде түсінуге болады.


                                                                                                              Асқар Дайырбек     

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Мұхтар Әуезұлы — өмір иірімдері

    «Сіз «Абай жолын» оқыдыңыз ба? Оқымасаңыз онда ештеңе оқымапсыз!». Бұл неміс халқының жазушысы Альфред Курелланың ...