• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Алаш ұлдары » Алыстан Алаш десе аттанамын

    Алыстан Алаш десе аттанамын

    РМК «Ғылым ордасы» Сирек кездесетін кітаптар музейінде  Алаш ұлт-азаттық қозғалысының 100 жылдығы аясында «Алыстан Алаш десе аттанамын» атты экспозициялық көрмесі  өтіп жатыр. Көрмеміз  2018 жылдың ақпан айына дейін жалғасады.

    Сонымен қатар, Музейдің «Ғасырлар қойнауындағы мұралар» атты тұрақты көрмесі төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім ықылым заманнан бастау алған жазба мәдениетінің куәгері – байырғы, көне жазу ескерткіштеріне арналып отыр.

    Мұнда Республика аумағынан табылған жазба мәдениет ескерткіштері және сонау Тас дәуірінен бастап, кейінгі ортағасырларға дейін жалғасын тапқан жазу үлгілері туралы құнды мағлұмат алуға болады.

    Тарих және этнография ғылымдарының қайнар көзі және негізі ретінде қолжазба кітаптардың маңызын ашатын, екінші, «Қолжазбалар – ғасырлар мұрасы» экспозициясы музейге келушілерді Орталық Азия мен Қазақстанның ортағасырлық қолжазба дәстүрімен таныстырады.

    Үшінші экспозицияда, «Отандық көне басылымдар» жәдігерлері сақталған. Бұл көрмеде араб әрпімен басылып шыққан тарихи деректерге бай, халықтың саяси, мәдени өмірінен мол мағлұматтар беретін, құнды жәдігер саналатын алғашқы қазақ баспа кітаптары мен басылымдары ұсынған.

    Төртінші экспозицияда «Латын графикасындағы Қазақстанның баспа ескерткіштері». Экспозицияға қоғамдық-тарихи маңызы зор XX ғасырдың 20-40 жж. аралығындағы латын графикасында жарық көрген баспа мұралар таңдап алынып, көрермендер назарына ұсынылған.

     


    Өтетін орны: Алматы қаласы, Шевченко, 28

    РМК «Ғылым ордасы» Сирек кездесетін кітаптар  музейі.

     Жұмыс істеу уақыты: Дүйсенбі-Жұма, 9.00-18.00. 

    Байланыс телефоны: 8 (727) 272 5745, 8(727) 272 86 56


    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Мұхтар Әуезұлы — өмір иірімдері

    «Сіз «Абай жолын» оқыдыңыз ба? Оқымасаңыз онда ештеңе оқымапсыз!». Бұл неміс халқының жазушысы Альфред Курелланың ...