• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Алаш ұлдары » «Алаш орда» — «Тәуелсіздік» бір ұғым!

    «Алаш орда» — «Тәуелсіздік» бір ұғым!

    Бүгін 13 желтоқсан — Қазақ тарихындағы Ұлы Күн – «АЛАШ ОРДА» Үкіметінің құрылған күні!

     «АЛАШЫМНЫҢ» ТУҒАН КҮНІ ТУҒАН ОЙ…

    Қазағымнан шыққан кілең тұнығым,

    «Алаш орда» — «Тәуелсіздік» бір ұғым!

    Тура осыдан 100 жыл бұрын құрылған

    «Алаш орда» Үкіметі – Ұлы Күн!

     

    Несіне айып, бүгін ұлтым жас алса,

    Қиындықтан бір қадам да аса алса,

    Әлихандай, Ахмет пен Міржақып,

    Халел, Мұхамеджан, ЖаҺанша…

     

    Айта берсем, ұлы есім бар жүздеген,

    Ұлы дала төсінен көп із көрем.

    Неге күпті, қайран көңіл соншалық,

    Бүгінгі ұрпақ ұлыларын іздеген?..

     

    Асты ма елім, асу, асу асқардан,

    Өксік қысып, неге көзден жас тамған?

    Таза Қазақ мемлекеті бастауы —

    Негізінен «Алашымнан» басталған.

     

    Қайран ұлтым, бұза алмады бөгетті,

    Қайран ұрпақ, көздің жасын көл етті…

    Ана кілең қанішерлер қып-қызыл,

    Ұлт ұлдарын атып, асып, жоқ етті…

     

    Тұтастай ұлт — тұғырына қона алмай,

    Ширек ғасыр — елім неге тоналды-ай?

    Ал, бүгінгі «Қазақстан» Тәуелсіз —

    Сол «Алаштай» келе ме өзі бола алмай?

     

    Бүгін кіммін, ал ол кезде кім едім?

    «Алашымдай», қайда сол бір тірегім?

    Шынымды айтсам, ширек ғасыр  ұйқы жоқ,

    Мұны ойласам, қан жылайды жүрегім…

     

    ЖЕЛТОҚСАН және ҚАЗАҚ АРУЛАРЫ!..

     

    …Жауыздарға қарсы тұрып ерлеген,

    Ұлт намысын қолдарынан бермеген,

    ЖЕЛТОҚСАНДА: қыздарымыз бойынан

    Қайтпас қайсар өжеттікті көрген ем…

     

    Қанша қатты соқса-дағы дауыл бар,

    Қазағы үшін отқа түскен бауырлар.

    ЖЕЛТОҚСАНДА: Қазақ Қызы атына

    Лайық болған біздің қайран арулар.

     

    Түсінікті, Ұлтты кімдер жылатты,

    Түсінікті, онда кімді кімі атты…

    ЖЕЛТОҚСАНДА: Қазақ Қызы алаңда

    Ерлік еткен хас батырлар сияқты.

     

    Ал, аналар «былдыр-шүлдір» шатты ма,

    Соларымен Мәскеу жаққа жақты ма?

    Қазақ Қызы — қызыл гүлдей қырмызы,

    Тас алаңда қан-қан болып жатты ма?..

     

    Артта қалды қанша жылдар, белестер,

    Сол суретті шығара алман мен естен…

    Әр Көктемде қырдың қызыл гүлдерін,

    Көрген сайын сол Арулар елестер.

     

    Кім айта алар, Тағдыр Жолы, тар ма екен?

    Сол алаңда жатқан әлі қан ба екен?..

    Сол кездегі Қазақ Қызы Намысы,

    Ал, бүгінгі арулар да бар ма екен?..


     Жұмаш Кенебай

    Abai.kz

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Генерал Сабыр Рақымов қалай қазақ болды?

     «Әсілхан Оспанұлы деген доцент Шымкентте    тұрады. Сол: «Мені атса атып жіберсін, басқалар күймесе мен күйемін, ...