• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Адырнама » Жас таланттарды «Менің таңдауым» байқауына қатысуға шақырамыз!

    Жас таланттарды «Менің таңдауым» байқауына қатысуға шақырамыз!

    Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы және ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан жастарын әлеуметендіру бойынша JAS.QZ жалпыұлттық жобасының аясында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Батыс Қазақстан облысында «Менің таңдауым» атты 6 бағыттан тұратын байқауды бастайды.

    Байқау бағыттары:

    1) Ұлттық құндылық;
    2) Әскери-патриоттық;
    3) Зияткерлік;
    4) Шығармашылық;
    5) Әлеуметтік белсенділік;
    6) Спорттық.

    9-11 сынып оқушылары мен студенттерді жоғарыда аталған бағыттардың бірін таңдап, атаулы байқауда өз бағын сынап көруге шақырамыз!
    Әр бағыт бойынша үздік шыққан жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тарту етіледі! «Үздік этнограф», «Жас ұлан», «Үздік зияткер», «Үздік өнерпаз», «Үздік ерікті», «Үздік спортшы» тәрізді атақтармен марапатталып, арнайы медальдер мен төсбелгілер тағылады. Бұл аталымдар бойынша жеңімпаз болған үздік оқушылардың ұстаздары да қоса марапатталады. Жеңімпаздар үшін Орал өңіріндегі тарихи орындарға тегін саяхат ұйымдастырылады. Олар ұлттық ойындар бойынша жарыстарға қатысып, тағы да сый-сияпатпен марапатталатын болады. Үздік шыққан 100 студент пен оқушы JAS.QZ белгісімен арнайы жылы киімдер (толстовка) сыйға беріледі.
    «Ұлттық құндылық» бағыты бойынша үздіктер салт-дәстүр бойынша біліктілігі тест әрі ауызша сұрақтарға жауап беру арқылы анықталады.
    «Әскери-патриоттық» бағыт бойынша үздіктер «Мемлекеттің қорғаныс қабілеті қайтсе бекем болады?» атты тақырыпта эссе жазу арқылы анықталады.
    «Зияткерлік» бағыт бойынша үздіктер математика сабағы бойынша сынақ тапсыру арқылы анықталады.
    «Шығармашылық» бағыт бойынша үздіктер ұлттық аспаптарда (домбыра, қобыз, сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз ж.т.б.) өнер көрсету арқылы анықталады.
    «Әлеуметтік белсенділік» бағыты бойынша үздіктер қоғамның дамуына тегін еңбек еткенін дәлелдейтін құжаттарын (диплом, алғыс хат, фото-видео айғақтар ж.т.б.) ұсыну арқылы анықталады.
    «Спорттық» бағыт бойынша үздіктер қашықтыққа жүгіру, кермеге (турник) тартылу жарыстары арқылы анықталады.

    Барша Батыс Қазақстан облысының 14-25 жас аралығында жастарын
    байқауға қатысуға шақырамыз!

    Байқау ережелері мен толығырақ деректер алу үшін жоба аясында бекітілен қалалық және аудандық қызметкерлерге хабарласуға болады.

    Орал қаласы (оқушылар үшін) – Темиршеева Тұрсын Амангелдіқызы – 87476060141 tursun_18@ mail.ru
    Орал қаласы (студенттер үшін) – Әдемі Махамбетқызы – 87075882959 makhambetkyzy.a@mail.ru
    Ақжайық ауданы – Сапаргалиева Әлия Кабдуловна – 87073552845 akjaik_bilim@mail.ru
    Жаңақала ауданы – Губашев Әліби Салықұлы – 87774268585 Allib_85@mail.ru
    Бөкейорда ауданы – Айғалиева Жанаргүл Сердегалиевна – 87769399097 daiana_2007@mail.ru
    Жәнібек ауданы – Қанатов Ерсін Еркінұлы – 87769434445 khedaiat@mail.ru
    Казталовка ауданы – Мерғалиева Назгүл Мәдиқызы – 87053351595 m.naz_88@mail.ru
    Сырым ауданы – Ищанова Дидар Назымбекқызы – 87774199774 didi-8181@mail.ru
    Қаратөбе ауданы – Мусина Эльмира Демеуовна – 87718651618 elmi_01_89@mail.ru
    Шыңғырлау ауданы – Байболат Самат Сергейұлы – 87472569882 samat _96_10@mail.ru
    Бөрлі ауданы – Хасанова Жадыра Закариевна – 87054618587 zhaduka@mail.ru
    Тасқала ауданы – Лукпанов Меңдібек Нұрболатұлы – 87476040304 Tana_tana_95@mail.ru
    Теректі ауданы – Шукирбаева Орынша Асқаровна – 87753002954 orinsha81@mail.ru
    Зеленов ауданы – Рамазанова Гүлжан Хамитовна – 87772149603 Zelenovroo@mail.ru

    «Адырна» ұлттық порталы

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Бірлік – береке бастауы

    19 қазан  2018  ж.  Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы мен Әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ-нің  шығыстану факультетінің ...