• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Адырнама » Жаңақалалық ұстаздарға арналған дәріс

    Жаңақалалық ұстаздарға арналған дәріс

    Батыс Қазақстан облысының Жаңақала елді-мекенінің Жаңақала колледжінде өңірлік жастарды әлеуметтік дамыту жобасы бойынша ұстаздарға арналған семинар-тренинг өтті. Оған Ішкі саясат бөлімі, жастар ресурстық орталығы, аудандық білім беру бөлімінің мамандары, мектеп және колледж ұстаздары қатысқан шарада 20-дан астам адам болды. Семинар барысында жобаның мақсаты, нысанасы, жүзеге асырылу тәсілдері туралы дәріс тыңдаған қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді. Аудандық білім беру бөлімінің тәрбие ісі бойынша әдіскері Губашев Әліби Салықұлы Жаңақала ауданы бойынша Жобаны жүзеге асыруға жауапты маман болып бекітілді.
    Жастарды әлеуметтендіру – шығармашылық,спорттық, әкери-патриоттық, зияткерлік, қоғамдық белсенділік, ұлттық құныдылықтарды тану, өз-өзін бағалау тұрғысынан жас толқынның болашақ тұлға ретінде қалыптасуына жалпы жағдай жасау. Абайдың тілімен айтқанда, дүниеге кірпіш болып қалануын қамтамасыз ету, қоғамдық өмірге қосылып өз орнын табуы.

    Бұл жоба ҚР Қоғамдық даму министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» тапсырысы аясында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі тарапынан жүзеге асырылып жатқандығын естеріңізге сала кеткіміз келеді.

    Арман СЕРІКҰЛЫ,

    «Адырна» ұлттық-этнографиялық

    бірлестігінің директоры

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Ұстаздар жобаға қызығушылық танытты

    Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы білім бөлімінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» жастарды әлеуметтендіру және дамыту ...