• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Адырнама » Терең тарих тағылымы

    Терең тарих тағылымы

    29 мамыр күні Алматы сән және дизайн колледжінде «Киелі, биік -тұғырым » деген атпен мазмұны мен мәні ерекше  іс-шара өтті. Оқу орнының ішкі ауласында өсіп тұрған алып Емен тарихына қатысты қаламыздың  ғылыми орталықтарының,  Қазақстан жазушыларының  Одағы  өкілдері, баспасөз қызметкерлері қатысты.

    Жиынды  колледж директоры Надежда Николаевна  Яковлева ашты. Оқу орны басшысы осы  емен ағашының колледж  мақтанышы, рухани тірегі екендігін оған деген студенттер мен  ұстаздар қауымының, колледж түлектерінің  ықыласы ерекше екендігіне тоқталып, салтанатты жиынға келген арнайы қонақтар  Қазақстан  Жазушылар  Одағы төрағасының орынбасары,  ақын, филология ғылымдарының  докторы -Баурыжан Жақыпты,  Ботаника ғылыми зерттеу институттың  зертхана  меңгерушісі, биология  ғылымдарының кандидаты — Сергей Чекалинді, «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестік директоры — Арман  Әубәкірді,  мәдениеттанушы — Бердалы Оспанды,  тарихшы этонграф  — Ардақ Беркімбайды таныстырды.

    Жиын барысында колледж өнерпаздары Емен тарихынан сөз қозғап, оның түбінен 1941-1945 жыл аралығында Ұлы Отан соғысына  аттанушылар жақын жуығымен  осы арада  қоштасқандары туралы баяндады.

    Қасым Аманжолов, Абдолла Жұмағалиев, Сырбай Мәуленовтердің осы Емен  түбінен аттануын сахналап көрсетті. Райымбек батыр  монологын орындады. Емен ағашы туралы өлеңдер оқылып әндер орындалды.  Колледж студенттері жиынға арнайы келген қонақтардың  пікір кеңестеріне зор ықыласпен құлақ түрді.

    Жиында қонақтары қатарынан  алғаш сөз алған ботаник ғалым Сергей Чекалин: Алматы емендерінің тарихы 1858 жылдан басталатындығын,  оның Алматыны жерсініп өсу тарихына тоқталды.  Колледждің айбынын асқақтатып тұрған алыптың  Алматыдағы үшеудің бірі және  ең ірісі екендігін атап айтты.

    Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы  орынбасары, ақын  Бауыржан Жақып колледж ұстаздарымен осы емен ағашын жастарға рухани тұғыр болатын деңгейде қандай әрекеттер атқаруға  болатындығы туралы  бұрын да ақылдасқанын, шешімді сөз ботаник ғалымдар тарапынан  болуға тиісті екендігін айтып,  бүгінгі жиынның сол шешіммен  іске асқандығына тоқталды. Кезінде абыз ақын Жамбыл ақ батасын  беріп, майданға аттандырған Абдолла  Жұмағалиевтің  ғұмыр  дерегі  осы еменмен байланысатына  тоқтала келіп, келещекте  осы емен түбінде  өлең жыр кештері мен байқауларын жиі өткізіп тұрыңдар деді. Ақын көпшілік ұсынысымен  өлең оқып берді.

    Мәдениеттанушы Бердалы Оспан қазақтың ақын қызы Мариям Хакімжанованың естелігінде әскери комиссариат  емен түбіне жинаған майданға аттанушылармен қоштасу митингісінде ақын бабамыз Жамбыл Абдолла ақынға батасын беріп  аттандыруына қатысқанын, Абдолланың «Мариям апа, мен сізбен хат жазып хабарласып тұрамын» деп қоштасқанын жазған дерегіне тоқталды. Колледж қабырғасына естелік тақта орнату туралы ұсыныс жасады.

    «Міне бүгін, сендерге, колледж жастары «Болашақтарың жарқын болсын!» деп қазақтың танымал ақыны  Бауржан Жақып бата берді. Емендеріңді ардақтағандарың дұрыс, онымен мақтанғандарың орынды. Бұл емен сендердің ғана емес бүкіл Алматы жұртының, оның  өскелең ұрпағының мақтанышы. Өздерің айтқандай елдің, жердің киесі» — деді.

    Колледж студенттері алып бұтақтары сан тарау болып  жайқалып, асқақтап тұрған  Емендеріне зор құрметпен  ұзақ  көз тіге қарасты.


    Колледж оқытушысы, Нұр Отан  БПҰ төрайымы-Күлзия Аукашова

    Колледж педагог-психологы – Әйгерім Тульбаева

     

     

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Қандастар туралы жобаның тұсаукесеріне шақырамыз!

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Отан – ...