С.Бегалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Аталған шараны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігі” қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел барысында тарих ғылымының докторы, профессор Болатбек Нәсенов баяндама жасады. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ардагер ұстазы, педагог-ғалым Сәуле Есенжолова, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері Ояз Бименов, аға ғылыми қызметкері, халықаралық ақпараттық академияның академигі, “Төле би” қоғамдық қорының директоры Оралжан Масатбаев сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды. Шара соңында халық композиторларының әндері шырқалды.

begalin-kitaphanasyinda

“Ана тілі” газеті

ПІКІР ҚАЛДЫРУ