• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Адырнама » Шыңғырлау ұстаздары әлеуметтік жобаны жақсы қабылдады

    Шыңғырлау ұстаздары әлеуметтік жобаны жақсы қабылдады

    Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауылының Қылышов атындағы орта мектебінде “Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» гранттық жобасы аясында жастарды әлеуметтендіру бойынша ұстаздар қауымына оқыту дәрістерін өткізді.


    Жиында жоба мақсаты мен міндеттері, жастарды ынталандырудың жолдары мен әдістері түсіндіріліп, соңы сұрақ-жауап негізіндегі талқылауға ұласты. Шараға қатысқан Шыңғырлау ауданының ұстаздары атаулы жобаға ерекше ықылас білдірді. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Самат Байболат жастарды әлеуметтендіру жобасының өте маңыздылығын атап өтіп, дәріскерлерге өз ризашылығын білдірді. Ол жоба аясында өтетін өңірлік байқауға жастарды көбірек қатыстыруға бар күш-жігерін жұмсайтындығын жеткізді. 


    Семинар-тренингке қатысқан мұғалімдер сертификатпен, ұйымдастыруға көмек көрсеткен әкімшілік өкілдері алғыс xатпен марапатталды.

    Арман СЕРІКҰЛЫ, 

    «Адырна» ұлттық порталы 

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Жастарды әлеуметтендіру жобасына Оралдың мектептері де қатысады

    Орал қаласындағы нөмірі 38 мектеп-лицейінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» Қазақстан жастарын әлеуметтендіру және дамыту жобасы ...