• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Адырнама » «Дала сазы» ұлттық муызка мектебі шақырады

    «Дала сазы» ұлттық муызка мектебі шақырады

     Сүйінші! «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі қасынан «Дала сазы» атты ұлттық музыка мектебі ашылды. Бұл жоба көптеген аспаптарды еркін игерген белгілі күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген үздік үстазы Нұргүл Әкімқожинаның жетекшілігімен жүзеге асып отыр. Бүгінде Нұргүл Әкімқожина тәрбиелеген көптеген шәкірттер әлемнің түкпір-түкпірінде өнер көрсетіп жүр. Мысалы, танымал «Арнау» фольклорлық-этнографиялық ансамблі осы Нұргүл Әкімқожинаның ұйымдастыруымен, тәрбиелеуімен өмірге келген еді. 

    «Дала сазында» домбыра, үш ішекті домбыра, қыл қобыз, жетіген, адырна, саз сырнай, сыбызғы, халық әні (дәстүрлі ән), фортепиано үйірмелері жұмыс істейді.

    Балаларыңыз ұлттық саз аспаптарын үйреніп, өнерлі болғанын қаласаңыз, қапы қалмаңыз. Өнерімен ерекшеленіп, үздік оқыған балаларды концерттер сахнасына шығарып, телеарна эфирлерінен көрсету жағы да қарастылады.

    Үйірмеге жазылу үшін adyrna@bk.ru электронды почтасына хат жазып тіркелуіңіз керек.


    «АДЫРНА» ұлттық порталы

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Жастарды әлеуметтендіру жобасына Оралдың мектептері де қатысады

    Орал қаласындағы нөмірі 38 мектеп-лицейінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» Қазақстан жастарын әлеуметтендіру және дамыту жобасы ...