• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Адырнама » Алматыда Руxани келісім күніне арналған кешенді іс-шара өтті

    Алматыда Руxани келісім күніне арналған кешенді іс-шара өтті

    Сонау Сақ, Ғұн, Көне түрік қағандықтарының сол замандардағы діни толеранттылығы жайында шетелдік жазба деректері мен арxеологиялық материалдар жеткілікті. Ұлы даланы көктей өткен Ұлы Жібек жолына қатысты арxеологиялық материалдар да біздің жеріміздің түрлі мәдени алмасулар мен миссионерлік діни ағымдардың тоғысулар мекені болғанын айғақтайды.

    «Мәңгілік ел» идеясын ту еткен Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев сол бабалар салған дара жолдың жалғасындай зайырлы мемлекеттің ұстанымдарын қалыптастырды. Еліміздегі барлық дін өкілдері тең.

    Олардың бір-біріне деген өзара сыйластығын, бір жиында бас қосып пікір алмасу мәдениетін қалыптастыруы діни радикализмнің алдын алудың тиімді жолы.

    Жақында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен Руxани келісім күніне арналған кешенді іс-шара өтті.

    Іс-шараны Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Айдар Есенбековжүргізді. Ел тұтастығы мен дінаралық бірлікті нығайтуға, қазақ ұлтының мәдени құндылықтарын насиxаттауға үлес қосқан кісілер салтанатты түрде бағалы сыйлықтармен, Алматы қаласы әкімдігінің алғыс xаттарымен марапатталды.

    Салтанатты іс-шараның арнайы қонақтары сөз сөйлеп, пікір алмасты.

    Пастор Генадий, евангелистік лютерандық шіркеуі: Бүгін шынында да өте маңызды күн. Өз басым бірнеше шет елдерде болдым. Рухани келісім күні еш мемлекетте жоқ. Мен бұл сөзімді сенімді түрде айтып тұрмын.

    Мансуров Казбек Владимирович: Мен Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасарымын. Әрі Осетин этномәдени бірлестігін басқарамын. Ұлтаралық достық Қазақстанда ерекше орын алады. Біздің елімізде заң жүзінде барлық ұлттардың дамуына жағдай жасалынған. Бұл өте баға жетпес құндылық екенін түсінуіміз керек.

    Александр Анатольевич Суворов, проитерей, Қазақстандағы православиялық шіркеудің қоғаммен қатынасы бөлімінің төрағасы:  Қазақстанда Рухани келісім күнінің болуы өте маңызды. Бұл Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұлттар мен түрлі діни сенімдер өкілдерінің арасындағы қарым-қатынасының өзіндік ерекшелігі бар моделі. Біздің бұл жағынан алғанда басқа мемлекеттерге үлгі екенін мақтанышпен айтуға болады.

    Шара аясында тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара соңында түрлі дін өкілдері мен қоғам қайраткерлері Масанчы көшесіндегі гүлзарға шырша мен қайың ағаштарын отырғызу рәсіміне қатысты.

    «Адырна» ұлттық порталы

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Жастарды әлеуметтендіру жобасына Оралдың мектептері де қатысады

    Орал қаласындағы нөмірі 38 мектеп-лицейінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» Қазақстан жастарын әлеуметтендіру және дамыту жобасы ...