• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Адырнама » Ақсай ұстаздарына жастарды әлеуметтендіру жобасы түсіндірілді

    Ақсай ұстаздарына жастарды әлеуметтендіру жобасы түсіндірілді

    Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласындағы нөмірі 4-ші жалпы білім беретін орта мектепте «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» жастарды әлеуметтік дамыту бойынша жобасының мазмұнын насиxаттау, жоба аясындағы байқаудың ережелерін таныстыру, жас толқынды әлеуметтендіру туралы түсінік қалыптастыру мақсатында тағылымды іс-шара өтті. Онда Бөрілі ауданы білім бөлімі мамандары мен әдіскерлері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, белсенді жастар қатысты.
    Жобаны жүзеге асырушы «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің қызметкерлері балалардың бойындағы ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мен олардың өз-өзіне деген сенімділігін арттыру әдіс-тәсілдері жайында пайдалы кеңестерімен бөлісті.
    Шара соңында ұйымдастыру ісіне ат салысқандарға алғыс xаттар беріліп, дәріске қатысушыларға сертификаттар табысталды.

    «Адырна» ұлттық порталы 

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Жастарды әлеуметтендіру жобасына Оралдың мектептері де қатысады

    Орал қаласындағы нөмірі 38 мектеп-лицейінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» Қазақстан жастарын әлеуметтендіру және дамыту жобасы ...