«Ұлы даланың ежелгі жазба деректері мен артефактілері»

0
228

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының конференц-залында Алматы қаласының 1000 жылдығына және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолауымен «Ұлы даланың ежелгі жазба деректері мен артефактілері» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Жазба деректері мен археология тарапындағы ғылыми баяндамалардан бөлек ғылым саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы, ф.ғ.к. Мамай Ахет пен Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты директорының орынбасары, э.ғ.к. доцент Ғалымжан Дүйсен кіріспе сөз сөйлеп, шараға қатысушыларға сәттілік тілесе, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінің деканы, ф.ғ.д. Сағатбек Медеубекұлы тарихи-мәдени ескерткіштердің маңыздылығы туралы өзекті мәселелерді ортаға салды.d-gelek-us-2

ҰҒА-ның кореспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор Меруерт Әбусейітова «Мәдени мұра» және «Халық тарих толқынында» бағдарламасы негізінде шетелдерден елге жеткізілген құнды материалдармен таныстырды. Одан кейін PhD доктор, профессор Төрбат Цагааны «Моңғол дәуірінің элиталық археологиялық ескерткіштері» атты баяндама жасады. Атаулы баяндама қазақстандық ғалымдар тарапынан қызу талқыланды.

Белгілі түріктанушы Нәпіл Базылхан, танымал археолог Арнабай Нұржанов, көрнекті фольклортанушы Қайрат Жанабаев және тағы басқа отандық ғалымдар қызықты баяндамаларын ұсынды. Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік Орталық музей директорының орынбасары Бабақұмар Қинаятұлы Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ғылыми қарым-қатынас, әріптестік байланыс туралы өз ұсыныстарын ортаға салды.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған бейне-роликтің көрсетілімі болды.

d-gelek-us-3

Танымал жас әнші Бақтияр Ақымжанов пен Құранғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті, жас күйші

Мұхтар Әділ игі шараның сәнін келтіріп, ән мен күйден шашу шашты.

ba-tiyar-ak-y

Моңғолия ғылым академиясыТарих және археология институты мен ҚР БҒМ ҒК Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты арасында әріптестік байланыс орнату мәселелері де сөз болды. Моңғолия ғылым академиясы Тарих және археология институтының Қола және ерте темір дәуірі бөлімінің меңгеруші Төрбат Цагааны «Орталық Азияның археологиялық ескерткіштерінің ерекшеліктері» атты лекция-семинарына қатысқан кісілерге алғыс хаттар мен сертификаттар табыстады. Сонымен бірге, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірестігі 2016 жылы өткізген тарихи шараларға ат салысқан азаматтарға алғыс хаттар, «Алматының мыңжылдық тарихы: археология және жазба деректері» атты халықаралық конференциларға қатысқан ғалымдарға сертификаттар табыстады.

d-gelek-us-6t-rbat


Арман Әубәкір,

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің жетекшісі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ