“Адырна” ұлттық-этнографиялық порталы қазақтың салт-дәстүріне арналған еліміздегі бірден-бір интернет ақпарат құралы. Соған қарамастан, осы күнге дейін порталға ешқанай мемлекеттік қолдау болмады. Атаулы жоба аясында халық әндері мен күйлерін, жыр-термелерін, жалпы ұлттық музыка мұраларын жинастырып, қазақтың ұлттық классикалық шығармаларын барлық елге қолжетімді ету көзделген. Бұл жоба “Ұлттық музыка мұралары” деп аталады. Онда Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Мәди, Қапез сияқты ән өнерінің ірі тұлғаларымен қатар, Құрманғазы, Тәттімбет, Қазанғап, Дәулеткерей, Сүгір тәрізді күй өнеріпің көптеген ірі өкілдерінің шығармалары топтастырылып, емін-еркін тыңдауға мүмкіндік жасалады. Атаулы жобаның жүзеге асуына жалпыхалықтық қолдау көрсетілгенін қалаймыз. Ұлттың рухы оның музыкасында, өнерінде сақталады. Бүгінде эфирлерде мән-мағынасыз эстрадалық даңғырлақтардың айы оңынан туып тұр. Жас толқын пайдасы жоқ, тек зиянды осындай дүмше әндермен құлақтанып өсіп келеді. Болашақ ұрпақтың саналы да сапалы болып өсіп, ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие алуын ойласаңыз, “Ұлттық музыка мұралары” атты жобаға қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.

Paypal арқылы қолдау ($USD) (Шетелде тұрсаныз):

Егер сіз ТМД-да тұрсаныз, мына нысананы қолданыңыз: