Ұлттық күрестен «Арландар сайысы» ашық турнирі өтеді

0
70

Алматыдағы «Алматы Арена»  спорт кешенінде  қазақ күресінен студент-жастар арасында алғаш рет «Арландар сайысы» Республикалық ашық турнирі өткізіледі.

Турнирге Астана, Алматы қалалары мен 14 облыстан 96 күрескер қатысады. Ашық турнир ережесіне сәйкес арландар сайысына18 бен 29 жас аралығындағы ЖОО студенттері және спорт клубтарының жас спортшыларының қатысуына рұқсат етілген.

Спортшылар олимпиада жүйесі бойынша үш салмақ категориясында (-60 кг., -74 кг., +90 кг.) күреседі. Әр салмақ категориясының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сыйлықтар, медальдар және грамоталармен марапатталады. Сонымен қатар, — 60 кг салмағындағы спортшыларды көтеру және қолдау мақсатында жеңімпазға  жеңіл автокөлік сыйға тартылмақ.

img_5876-08-10-17-05-06

Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырысымен 2017 жыл «Жастар жылы» деп жарияланғаны белгілі. «Арландар сайысы» ұлттық спортты жастар арасында насихаттау арқылы патриоттық сезімді дамыту, халықаралық аренада қазақ күресінің беделін жоғарылату, орта және жеңіл салмақты күресшілердің шеберліктерін дамыту мақсатында жүзеге асырылмақ.

Республикалық турнирдің ашылу салтанатында көрермендер назарына қазақ күресінің пайда болу және даму жолын сипаттайтын театрландырылған қойылым ұсынылады. Сонымен қатар,  ұлттық намыс пен жігерді оятатын рухты әндерімен көпшілікке кеңінен танымал «Серілер», «Алашұлы» топтары және Қажымұрат Шешенқұл сынды әншілер өнер көрсетеді.

Сайыс 14 қазан күні сағат 10.00-де басталады

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ