Әкем театры Астанаға барады

0
363

Биылғы жылдың айтулы оқиғаларының бірі Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі екендігі белгілі. Осы көрме барысында шет елдік және өңірлік қонақтар үшін еліміздің мәдениетін танытатын көптеген шаралар өтеді.  Солардың бірі де бірегейі М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының 18-26 маусым аралығында Астана опера және балет театры мен Астана Жастар театрында сахналанатын қойылымдары десек, артық айтқандық емес.   

Қазақ театрының қара шаңырағы гастрольдік сапары жөнінде БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізіп, көрермен назарына ұсынатын қойылымдармен таныстырды. Оған театрдың директоры Ерлан Біләл, әдебиет бөлімінің жетекшісі Әлия Бөпежанова, режиссерлер Есмұқан Обаев пен Алма Кәкішовалар қатысты. Қойылымдар қазақ тілінде өтіп, орыс және ағылшын тілдеріне аударма жасалып отырады. Театр сүйер қауым 18 маусымда  Ғ.Мүсірепововтың «Махаббат дастаны» (реж.Қ.Сүгірбеков), 19 маусымда Р.Отарбаевтың «Сұлтан Бейбарыс» ( реж.Ю.Ханинго-Бекназар), 20 маусымда  М.Әуезовтың «Абай» (реж.Е.Обаев), 21 маусымда  М.Омарованың «Көмбе нанның дәмі» (реж.А.Кәкішова), 22 маусымда  Ғ.Есімнің «Таңсұлу» (реж. А.Кәкішова), 23 маусымда  Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібек» (реж.Е.Нұрсұлтан), 24 маусымда Ғ.Мүсіреповтың «Махаббат дастаны» (реж.Қ.Сүгірбеков), 25 маусымда Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрі» (реж. Й.Вайткус), 26 маусымда Р.Отарбаевтың «Бейбарыс Сұлтан» ( реж.Ю.Ханинго-Бекназар) спектакльдерін тамашалай алады. Билет бағасы да халыққа қол жетімді болмақ (500-1500 теңге).

baspas-z-m-yi-uezov-t-yi


Жасұлан НАУРЫЗӘЛИЕВ

«Адырна». кз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ