Мамандар бұған президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапарының әсері де жоқ емес деген ойда.

Сондай-ақ, баррелі үшін 70 долларға жақындаған мұнай бағасының да ықпалы бар. Оған қоса негізгі әріптесіміз Ресей рублінің долларға шаққандағы бағамы күшейіп бара жатыр, дейді сарапшылар.

“Егер осындай бізге қолайлы өсулер бола берсе, теңгеміз бұдан да күшеюі мүмкін. Мүмкін, 310-ға дейін түсуі мүмкін”, – дейді экономист Сапарбай Жобаев.

Ал ресейлік сарапшылардың болжамынша жыл соңына дейін теңге бағамы 315-318 теңгеге дейін нығаюы мүмкін.

“Ақпан айының соңына бағам 322-ге жетеді деп болжағанбыз. Алайда бағам біздің болжамымыздан бұрын келіп жатыр. Ал жыл соңына деген болжам 315-318 дәлізінде болмақ. Жарты немесе бір жылға депозиттер ашып, жыл соңында немесе келесі жылдың басында баспана сатып алуды жоспарласа, тиімді болады”, – дейді TeleTrade компаниялар тобының бас сарапшысы Петр Пушкарев.

Айта кетейік, Ұлттық банк теңгенің ресми бағамын 324, 65 деп берсе, валюта айырбастау орталықтары бір долларды 322 теңгеден сатып алып, 323 теңгеге саудалап жатыр.


Астана телеарнасы


 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ