• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Featured » Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары аясында 7 миллиард долларға келісім жасалды

    Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары аясында 7 миллиард долларға келісім жасалды

    Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары аясында АҚШ-тың іскер топтары өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді. Онда жалпы сомасы 7 миллиард доллардан артық сомаға инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы 20-дан астам екіжақты экономикалық құжатқа қол қойылды, — деп хабарлайды ҚР премьер-министрдің сайты.

    Дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшілігінің және «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының қолдауымен АҚШ-тың Сауда палатасы ұйымдастырды. АҚШ-тың ірі бизнес-компанияларының 50-ден артық өкілдері кездесуге қатысты.

    «Қазақстан америкалық бизнес үшін үлкен әлеуетке ие, әлемнің төтенше маңызды аймағында орналасқан», — деп атап өтті АҚШ-тың Сауда палатасының төрағасы Томас Донохью.

    Америкалық капиталдың қатысуымен жүзеге асырылатын бірлескен жобалар Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларын қамтитын болады. Мысалы, іс-шаралар барысында инвестициялық және сауда-экономикалық ынтамақтастық туралы, авиациялық және ғарыштық өнеркәсіп саласында, ауылшаруашылығы, көлік және т.б. саласында жетекші америкалық компаниялармен — Chevron Overseas, W. R. Grace&Co, GE Transportation Parts, Pfizer, John Deere, Amity Technology, Global Beef Investments және басқаларымен коммерциялық құжаттарға қол қойылды.

    Сондай-ақ Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында көрсетілген тапсырмаларға сәйкес, республиканың экономикасын сандық бағытқа көшіруге бағытталған құжаттарға қол қойылды.

    Олардың ішінде АХҚО, «ИТП» ДКҚ және «IBM» арасындағы Astana Startup HUB ИТ-технопаркінің базасында қаржылық технологиялар бойынша инкубаторды құру туралы келісім, «ИТП» ДКҚ және «Global Venture Alliance» арасындағы өнеркәсіпті сандандыру қорын құру туралы келісім,  сондай-ақ «GE Digital» және АО «ФНБ «Самрұқ-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ арасындағы теміжол көлігін, энергетиканы, мұнай өңдеуді және экономиканың басқа да секторларын сандандыру жөніндегі жобаларды жүзеге асыру бойынша стратегиялық әріптестік туралы келісім.

    Қазақстан-Америка сауда-экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, сондай-ақ екі елдің іскерлік топтарын жақындастыруға арналған маңызды мәселелердің бірі АҚШ-тың ірі қаржылық институттарымен жалпы сомасы 3 миллиард доллар бірлескен инвестициялық жобаларды және сауда операцияларын қаржыландыру туралы құжаттарға қол қоюы болды.

    Яғни, «Kazakh Invest» С.Тұяқбаев және «Жеке меншік шетелдік инвестициялар корпорациясы» қаржылық- кредиттік агенттіктің Президенті Р. Уошбормен OPIC тарапынан америкалық компаниялардың қатысуымен жобаларды қаржыландырудағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, сондай-ақ Oppenheimer америкалық қорының басқарушы директоры Питер Албаномен бірге, Қазақстандағы жобаларды қаржыландыру немесе инвестиция құю үшін америкалық қаржылық институттарды тарту туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

    «Қазақстан нарығы америкалық инвесторлар үшін IT және инжиниринг, көлік және логистика, ауылшаруашылығы, инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастыққа мүдделілігінің тартымдылығын білдіретін болып саналады. Өз кезегінде, «Kazakh Invest» ҚР Үкіметінің атынан бүкіл инвестициялық цикл бойында — идеядан оны толықтай жүзеге асырылғанға дейін қолдайтын, сондай-ақ пост-инвестициялық қолдауды қамтамасыз ететін шетелдік инвесторлармен бірден-бір келіссөздер жүргізуші ретінде», — деп атап өтті, іс-шаралар қорытындылары бойынша Сапарбек Тұяқбаев.

    Астанадағылар осы сапар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтады деп сенеді. «Сапардың басты мақсаты жоғары деңгейдегі сенімділік қарым-қатынасымызды нығайтып, Астана мен Вашингтон арасында өзара әрекеттестікті барлық спектр бойынша кеңейтіп, екі жақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығару», — деді ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің басшысы Талғат Жұмағұлов.

    Сондай-ақ, Комитет басшысы екі ел арасындағы қазіргі ынтымақтастықтың терроризммен күресу, ядролық режимді алып тастауға және сауда-экономикалық қарым-қатынасты кеңейтуге бағытталғанын айтып өтті.

    Қазақстан Президенті АҚШ-тың ресми өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланған. Сондай-ақ, Назарбаевтың 18 қаңтарға белгіленген БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қару қолдануды жаппай жоюға арналған брифингке қатысатыны айтылады.

    Сондай-ақ, осыған дейін саясаттанушы Ерлан Қарин Назарбаев пен Трамп кездесуінің маңыздылығын айтқан еді. «Иә, Қазақстан өңірлік мемлекет болып саналады, дегенмен де Қазақстан түрлі халықаралық пікірталастарға белсенді түрде қатысып жатыр. Сондықтан да біздің президентіміздің Америка басшысымен кездесуі осы мәселенің өзектілігін арттыруға мүмкіндік береді», — деген еді Ерлан Қарин.


    tengrinews.kz


     

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Защитницу хакасской культуры обвинили в экстремизме

    Суд в Абакане рассмотрит уголовное дело в отношении жительницы Хакасии. Женщина разместила на личной странице ...