Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) допинг-сынамасында тыйым салынған препараттар табылған қазақстандық ауыр атлет Илья Ильинге қатысты санкциялар қолдану туралы ресми шешім шығарды, – деп хабарлайды Vesti.kz.

IWF тәртіптік комиссиясының шешіміне сәйкес, Илья Ильин екі жылға шеттетілді. Жарыстардан шеттету тәртіп бұзушылық анықталған күннен бастап, нақтырақ айтқанда 2016 жылдың 10-маусымынан бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы ауыр атлетика федерациясының күшімен спортшы өзінің барлық олимпиадалық емес жетістіктері, жүлделері мен марапаттарын өзінде қалдыруға қол жеткізген еді.

Еске салайық, бұдан ертерек ҚР ауыр атлетика федерациясының бастамасымен адвокаттар мен зертханалық талдаулар және спорттық құқық мамандарынан құралған топ бірнеше ай бойы қазақстандық спортшылардың реанализдерін бүге-шүгесіне дейін зерттеді, сондай-ақ атлеттерге тергеулер мен сот процестерінің барлық кезеңдерінде қолдау көрсетті.


tengrinews.kz


 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ