Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы “Қазақфильмді” жекешелендіру мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді.

“Мен Қуаныш Сұлтанұлына үлкен алғысымды білдіремін. Шынында да, бұл өте өзекті мәселе, себебі бізде “Қазақфильмнің” мемлекет қарамағында қалғанын қалаймыз. Сатылымға тек 49 пайызы қойылды, ал 51 пайыз мемлекет меншігінде қала береді. Соның өзінде де біз киностудияның мемлекет меншігінде қалғанын қалаймыз”, – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Министрдің айтуынша, киностудия осыдан 4-5 жыл бұрын жекешелендірілуі тиіс нысандар қатарына енгізілген. Алайда оны сатып алуға ынтызар боғлан адамдар табылмаған.

“Осыншама жылдар бойы сатып алушылар қызықпаған болса, мен тек олардың болмағанын қолдаймын”, – деді министр.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаты “Қазақфильм” киностудиясын жекешелендіру тізіміне қоспауды сұраған еді.


tengrinews.kz


 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ