Елбасы Қазақстанның бір топ қыз-келіншектерімен «Көктем шуағы» атты кездесу өткізді

0
221

Кездесуге Мемлекеттік хатшы, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Г.Әбдіқалықова,

Президент Әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбеков, Парламент Мәжілісінің депутаты, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл З.Балиева,

Көп балалы ана О.Мұқашева,

Ұлттық экономика вице-министрі М.Әбілқасымова,

микробиолог-ғалым Ә.Ерназарова, биатлоннан «Алматы-2017» универсиадасының жеңімпазы А.Шевченко, ауылдық орта мектеп директоры И.Седова,

«Жас Атамекен» жас кәсіпкерлер клубының президенті З.Көкжанова;

Ақын Т.Қабылша,

«Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Адам ресурстары басқармасының бас менеджері Ш.Алтыбаева,

Аудандық (Павлодар облысы)аурухананың бас дәрігері Қ.Разиева,

«Астана-Балет» театрының жетекші балеринасы М.Буканова,

Қобыздан халықаралық байқаулардың жеңімпазы А.Тәжібаева,

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы Н.Раззақ,

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі О.Давыденко,

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Парашютпен секіруге дайындау орталығының аға маманы Р.Рамазанова,

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының магистранты М.Галицкая,

М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының акрисасы С.Бақаева және журналист В.Мирланқызы қатысты.

Елбасы бұл кездесуде қыз-келіншектерді халықаралық аналар мерекесімен құттықтай отырып, оларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлықтарға тоқталды.

Биыл менің тапсырмаммен 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы іске асырыла бастайды. Шілде айында бала тууға байланысты төленетін жәрдемақы көлемі 20 пайызға өседі. Жыл сайын ана мен балаға қарастырылған қаржылық қолдау шығындары 160 миллиард теңге болып отыр. Оған қоса ата-аналарға 120 миллиард теңге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен төленіп келеді. Соңғы он жылда біз ана өлімін 3,7 есеге, бала өлімін бір жарым есеге дейін төмендетуге қол жеткіздік, – деді Мемлекет басшысы.
Іс-шара соңында көп балалы ана О.Мұқашева «Алтын алқа» белгісімен марапатталып, кездесуге қатысушылар үшін «Ақорда» резиденциясы ішінде экскурсия жүргізілді.


«Адырна» кз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ