• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар (страница 57)

    Жаңалықтар

    Он мың жол дастанды жатқа айтатын жыршылар…

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Жыр керуені» атты лекция-концерт өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды. Лекция-концертті ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, «Парасат» орденінің иегері, жырау Алмас Алматов жүргізді. Кешке Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Жыршылық өнер» кафедрасының студенттері мен өнер адамдары қатысты. Шараның маңызы туралы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының ...

    Толығырақ »

    Жыршы-жырау толғанды, домбыра-қобыз қолға алды…

    Кеше ғана өткен 2015 жылдың желтоқсан айының 9-10 күндері Алматыда алғаш рет жыршылар мен жыраулардың  «Ұлы Дала елі» атты Халықаралық жыршылар фестивалі дүркіреп өтті. Фестиваль аясында өткен «Түркі халықтарының жыраулық өнері және эпикалық дәстүр» атты  Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын Ықылас атындағы халық музыка аспаптары музейі сәтімен атқарып шықты.       Жыр – жырау – жыршы үштігі түркі халықтарының мәдениетінде ерекше орын ...

    Толығырақ »

    Ең жас батыр ана

    Қызылорда облысы Тасбөгет кентінде тұратын Көздібаевтар әулеті жаңа жыл мерекесі қарсаңында тағы да бір жанға толықты. Жасы әлі отызға жетпеген Динара Аяжан есімді жетінші нәрестесін құшағына алған деп жазады baq.kz Ақмешіт апталығына сілтеме жасап. Үлкен өмірге 17 жасында қадам басқан Динара бүгінде Әбдінұр, Жансезім, Рүстем, Жаннұр, Дамир, Аружан, Аяжан есімді балақайлардың анасы. “Жолдасым Ринат екеуміздің отау құрғанымызға биыл 10 жыл толады. Ата-енемізбен бірге ...

    Толығырақ »

    «Тарихи фотосуреттер» байқауы аяқталды

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Тарихи фотосуреттер» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ұйымдастырылып, аталмыш  байқауда әр аталым бойынша жеңімпаз атанған Қанат Нұртазин, Вадим Мударисов және Мақсат Шағырбаев сынды фотографтардың  көрмесі ашылды.   «Тарихи фотосуреттер» байқауының ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі. Фотографтар байқауы 2015 жылғы ақпан айы мен 30 қазан аралығында өткен болатын. Байқау «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Жеңістің 70 жылдығы», «ҚР ...

    Толығырақ »

    Шәкәрімнің жаңа суреті табылды

    Шәкәрімнің бүгінгі таңға дейін табылған үш суреті бар. Оның бірі ақынның бүркіт ұстап түскен суреті. Бұл сурет туралы «Шәкәрім қажы деп отырмыз», «Шәкәрімнің дәл өзі», «Шәкәрімнің ел күмәнданған суреті туралы» деген мақалалар жарық көрген болатын. Елдің күмәндануының басты себебі сурет жарық көрген кітапта «Охотник с беркутом. Казахи. Семипалатинский у. 1927 г» деген ғана жазба болатын. Яғни, Шәкәрім ақын деп жазылмаған. ...

    Толығырақ »

    Дәуіт Қара батырдың сауыты табылды

    Кіші жүздегі Байбақты руының ұранына айналған атақты Дәуқара батырдың жауға киген сауыты табылды.  Дәуқараның ұрпағы Әбітұлы Қуаныштың балалары Серік пен Сәуленің игілікті ісінің арқасында көп жылдан бері атадан балаға қасиетті мұра болып келе жатқан Дәуқара батырдың сауытын 2015 жылдың күзінде бірінші болып көрудің сәті маған түсті. Серік Қуанышұлының айтуынша, Әбіт атасының бәйбішесі Қаналықызы Ұмсындық әжесі асыра сілтеу жылдарында Дәуқара батырдың ...

    Толығырақ »

    ЮНЕСКО-ның 2016 жылды Қожа Ахмет Ясауи жылы деп жариялауына орай Анкарада жиын өтті

    Шарада мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне ойшылдың өмірбаяны мен еңбектері таныстырылды. Сондай-ақ, түрік елінің атақты ғалымдары жастарға Ясауи өлеңдерінің мән-мағынасын түсіндірді. Сонымен қатар, Анкара ауданының балалар хоры ақынның шығарламаларын орындап, шағын концерттік бағдарлама қойды. «2016 жылды ЮНЕСКО-ның Қожа Ахмет Ясауи жылы, деп жариялауы күллі түркі әлемі үшін қуанышты хабар. Біздің ендігі мақсатымыз, ұлы ойшылымызды кеңінен насихаттау. Қазақ-түрік университеті ...

    Толығырақ »

    Қазақ елі туралы Шымкенттік мультфильм әлем мамандарының таңдайын қақтырды

    Кино шығару саласындағы шетелдік мамандар «Сақ» киностудиясы шығарған толықметражды «Қазақ Елі» анимациялық фильміне қызығушылық білдірді деп хабарлайды BNews.kz. «Қазақ елі» мультфильмінің трейлері Кан фестивалінде таныстырылды. Авторлардың айтуынша, фильм Ресей, Германия, АҚШ және БАӘ мамандарының қызығушылығын тудырды. Қазір мультфильм орыс, ағылшын және неміс тілдеріне аударылып жатыр. Айта кету керек, «Қазақ елі» тарихи мультфильмі тұңғыш рет Шымкентте түсіріліп, Қазақ хандығының 550 жылдығына ...

    Толығырақ »

    Танымал жылқытанушы ғалым 60 жасқа толды

    Қостанайдағы «Қазақ тұлпары» жылқы зауытының директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ауыл шаруашылығы академиясының академигі, Мұғалжар жылқы тұқымының авторы Нәбидолла Кикебаевтың 60 жылдық мерей тойы өтті.Нәбидолла Ақанұлы Кикебаев 1956 жылдың 10 қаңтарында Алматы облысы Жамбыл ауданындағы атақты «Дегерес» жылқы зауытында дүниеге келді. «Дегерес» жылқы зауытының дүрілдеп тұрған кезі еді, ол тікелей Мәскеуге қарайтын. Сол жылқының дүбірін бойына сіңіріп өскен Нәбидоллаға қазағымның ...

    Толығырақ »