Жаңалықтар
18.03.2024
Жаңалықтар
Алматыда Храпунов заңсыз алып тастаған ғимарат мемлекет меншігіне қайтарылды
Алматыда бұрынғы әкім Виктор Храпунов заңсыз алып тастаған жедел медициналық жәрдем кешенінің бір бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 15 ақпанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының «Жедел медициналық көмек» мүліктік кешенінің бір бөлігін жеке меншікке беру туралы шешімді жарамсыз деп тану күшіне енді. «Храпуновтың ауданы ..
18.03.2024
Жаңалықтар
Тоқаев Путинді құттықтағанда "стратегиялық бағдар" жайында айтты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  “Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Ресей президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті”, — делінген хабарда.
18.03.2024
Жаңалықтар
Астанада қойма өртенді
Бүгін, 18 наурыз Астана қаласы Байқоңыр ауданында ангар үлгісіндегі жеке тұрған бір қабатты қойма өртенді. Бұл туралы ТЖД мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Мәлімет бойынша, сағат 07:20-да өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданында болған өрт орнына шыққан. Бөлімше қызметкерлері барған уақытта алдын ала болжам бойынша ауданы 1 мың шаршы метр алаңда отқа оранған бір қабатты қойманың жанып жатқаны анықталды. Өрт кезінде ғимараттың алдыңғ..
18.03.2024
Жаңалықтар
Балқаштықтар водовозбен су тасуға мәжбүр болды
Балқашта сумен жабдықтау жүйесінің магистральдық құбыры жарылып, аудандарда ауыз су беру тоқтатылды. Бұл туралы «Вечерняя Караганда» басылымы жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Мәліметке сүйенсек, аймақтың сумен жабдықтау жүйесінің магистральдық құбырында үлкен апат болып, судың қысымы азайтылған. Салдарынан суды тоқтатуға мәжбүр болған. Төтенше жағдай Желтоқсан мен Ағыбай батыр көшілерінің қиылысында орын алып, қаланың мыңдаған тұрғ..
18.03.2024
Жаңалықтар
Данияр Қадіров мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадіров қызметінен босатылды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Данияр Рамазанұлы Қадіров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды» делінген қаулыда. Қадіров бұл қызметке 2022 жылдың наурыз айында тағайындалған болатын. Мәдениет және ақпарат министрлігі са..
17.03.2024
Жаңалықтар
"Аяқ киімі табылды". 5 жасар бүлдіршіннің денесі каналдан шығарылды
Түркістан облысында кішкентай баланың денесі судан табылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Каналдан табылған мәйіт 2019 жылы дүниеге келген балаға тиесілі болып шықты. Ол - Біртілек ауылының тұрғыны. 5 жасар бала 16 наурыз күні сағат 15:00-де  үйінен шығып, қайта оралмаған. Куәгердің сөзінше каналда бүлдіршіннің аяқ киімі табылған. ТЖД мәліметінше, 16 наурызда сағат 16.40-та іздеу тобы жоғалған баланың денесін үйден 2 км қашықтық жердегі судан ..
17.03.2024
Жаңалықтар
"Жәнібектің арқасында". Қымбат Досжан тағы 2 қазақ баласының туғанын тапқанын хабарлады
«Бармысың, бауырым?» хабары арқылы шетелдіктер асырап алған екі бала өз туғанын тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Бұл туралы Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Бағдарламаның өткен сандарында Роза Багусова есімді кейіпкер өз оқиғасын баяндап, ата-анасын іздеп келгенін айтқан еді. Бір аптадан соң бағдарлама редакциясы Розаның анасы да, әкесі де табылғанын хабарлады. "Бұған дейін біз Жәнібектің арқасында 4 баланың анасын тап..
Тағы жүктеу