• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Жеті қазына

    Жеті қазына

    Ер қанаты – ат

    Әр жылға бір жануардың атын беріп отырған қазақ ер халық. «Ер қанаты – ат, ол сенің басыңа қонған бақ, астыңдағы алтын тақ деп бағалайды», бұл дауысы бірнеше шақырымға жететін атақты әнші Жүсіпбек Елебек ағамыздың үйіндегі Хабиба жеңгеміздің айтуы. Қала балалары жылқыны тек теледидар экранынан көретін қазіргі уақытта, жас ұрпақ түгілі жасы үлкендер де ғасырлар бойы адамның жан жолдасы болып келген ...

    Read More »

    Жыл басы қалай таңдалды? (ертегі)

    Бұрын ерте заманда хайуандар жыл ағасы болуға таласыпты. Сонда жылқы тұрып: – Мен алысты жақын қыламын. Күшімді болса көреді, сүтімді болса ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын, – дейді. Түйе айтады: – Сен адамның жұмысын қылсаң, сұлы, шөп асайтын тамағың үшін құл болдың. Міне, мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше ...

    Read More »

    Құрлық асып кетсе де жерлестерін таныған текті жылқы

    Бұл – теңіздің арғы бетінде болған оқиға. Оны жеткізген Құлан ауылының тұрғыны, атбегі Мейілбек Бегазиев еді. Екі қазақ жігіті сексенінші жылдары Америкаға жұмыс сапарымен барса керек. Содан кафеге тоқтап тамақтанып, темекі тартып тұрады. Кафемен іргелес бір фермердің ат қорасы бар екен, кенет ішінен бір тұлпар тулап, кісіней береді. – Мынаған не болды? – дейді де, олар қораға жақындайды. Бұлар жақындаған сайын ...

    Read More »

    Қазақты тазысынан айыру тегінен айырумен бірдей

    «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жазуынша, бабамыз жеті қазынаның бірі ретінде құрметпен қараған тазыны кейбір аталарымыз итке жатқызбаған екен. Өзге итті үйдің маңына жолатпаса да, тазыны үйдің төріне шығарған. «Өйткені, кезінде тазылар бүтін бір әулетті асыраған. Талай ауыл әуелі Құдай, сосын тазылардың арқасында аштықтан аман қалған. Тазы тақыр кедей иесін отбасымен бірге аштан өлтірмеген. Тазыны жақсы көру, оған деген құрмет қазақтың бойында ...

    Read More »

    Жеті қазынаның бірі болған маңғаз бітім

      АЛМАТЫ. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – «Бүгінгі күнде Қазақстанда таза қанды төбеттер аз қалды. Егер де еліміздегі тасқа қашалып салынған ит суреттеріне негізделген деректерге сүйенсек, онда бұл иттердің осы өлкеде өмір сүргеніне төрт мың жылдай уақыт өткенін айтуға болады. Яғни төбет қазақ халқы бастан өткізген барлық дәуірдің куәгері. Оның жеті қазынаның біріне жатқызылуы да тегін болмаса керек. Қазақтың ...

    Read More »

    Жылқыны қолға үйрету қазақ жерінен басталғанын әлем елдері мойындайтын күн алыс емес

     Канадалық режиссер, антрополог Найоби Томпсонның айтуынша, жылқыны қолға үйрету қазақ жерінде басталғанын ешкім білмейді. Енді осы тарихты бүкіл әлемге паш етуге мүмкіндік бар. Қазақстан шетелдік компаниялармен бірлесіп, EQUUS (жылқы) деректі трилогиясын түсірмек.   «Қазақстан атбегілік мәдениеттің отаны. Бұл мәдениет осы жерде басталды. Жылқыларды қолға үйрету Қазақстан аумағында басталғанын білеміз. Бірақ бұл туралы ешкім дерлік білмейді деп айта аламын. Батыс елдері ...

    Read More »

    Ай мен Күннің тартысы

    Көкпартану ғылыми сала ретінде әлі қалыптасқан жоқ. Көкпардың болмыс-бітімін әзірге «көкпар» сөзінің этимологиясынан ғана іздеудеміз. Оның өзі қисынсыз, ауызекі жорамал деңгейіндегі пайымдарға негізделуде. Бұл ізденіс бір ғана «көкпар», «көкбөрі» сөздерінің тегімен емес, оның таралу аймағындағы жұрттардың да қатысын, олардың танымын қарастыру арқылы кеңірек әрі тереңірек зерделенгені көңілге қонымды болар. Негмати, «Праздник навруз»: «Самыми увлекательными любимыми развлечениями публики повсюду в Средней ...

    Read More »

    Естайдың көк аты

    «Әкеміз аяғынан кемтар, мүгедек болды. Мен ағамның қолында өстім. Ол орта шаруа, момын кісі еді. Ағамның екі жақсы аты болатын. Ат жалын тартар шаққа жеткенімде сол екі аттың бірі, бәйгеден келіп жүрген қарақасқа жүйрікті тақымыма бастым. Ағам қолымды қаққан жоқ»... Бұл — белгілі ғалым,абайтанушы, жазушы Қайым Мұхаметхановтың әнші, сазгер Естай Беркімбаев туралы жазған «Екі кездесу» атты естелігінен алынған үзінді. Қазақтың ...

    Read More »

    Кейбір аң мен құстың қазақша атаулары туралы

    Аң мен құстардың қазақша атауларына байланысты аударма әдебиеттерде, ғылыми-көпшілік мақалаларда, мерзімдік баспасөз беттеріндегі материалдарда ішінара қателіктер кетіп жататынын біраз жылдан бері бақылап, байқап жүрміз. Көш жүре келе түзелер деген үмітпен, көлденеңнен әңгімеге араласпай, әліптің артын бағып та көрдік. Бәрібір болар емес. Баз бір қаламгерлеріміз сол баяғы таптаурыннан, сол баяғы сарыннан танатын түрлері көрінбейді. Көңілге алаң түсіріп, қолымызға қалам алдырған да ...

    Read More »