• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Сөз – құдірет (страница 6)

    Сөз – құдірет

    «Ақ беті айдай жарқырап…»

    «Қырық қыз» эпостық жырын 1907 жылы Ақтөбе облысының Ойыл ауданындағы қазіргі «Саралжын» кеңшарында дүниеге келген атақты жырау Қайролла Иманғалиұлы ел аузынан жазып алған. Сондай-ақ қарақалпақ тілінде де осыған ұқсас көлемді жыр бар екен. Қазақ жырында басты кейіпкер – Ханшайым аталса, оларда Гүләйім деп аталады. Алайда сөз саптаулары мен өзіндік ерекшеліктері бар аталмыш дастан қыздардың ер-азаматтардан қалыспайтын намысқойлығын, елжандылығын, сезімталдығын тілге ...

    Толығырақ »

    Арийлер. Олар кімдер?

    Арийлер мәселесі жөнінде бірден-бір ғана сүйенетін жазба деректер – «Ригведа» және «Авеста» кітаптары. Осы туындылар – арийлер деп аталатын этностың тарихы мен тұрмысы сәулеленген зороастрийлердің қасиетті кітаптары. Б.з.б. VI-IV ғасырларда «Авеста» парсы тілінде жазылса, б.з. XIII-XIV ғасырларында оның парсы тілінде жазылған нұсқасы бізге жеткен. Парсы тілі үндіеуропалық тілдер тобына жатады. Морфологиялық жолмен зерттегенде дүниежүзіндегі барша халықтардың тілдері грамматикалық құрылысының ұқсастығы ...

    Толығырақ »

    Ел қамын жеген Ер Едіге

    Алтын Орда хандарының ақылшысы, халық қамқоры болған Едіге батырдың Тоқтамыспен арадағы соғысын арқау еткен аңыз-әңгіме, дастан-жырлар халық арасында кеңінен тараған. Оның өмірі мен соғыстары туралы жырлар қазақ қана емес, татар, ноғай, қырғыз, қарақалпақ, башқұрт, құмық, түрікмен, т.б. халықтар арасында да кездеседі. Жырдың дәстүрлі нұсқаларын кезінде Ш.Уәлиханов, П.М.Мелиоранский, Г.Н.Потанин, В.В.Радлов, И.Н.Березин, А.Беляев, Н.И.Веселовский, Ә.Диваев, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов сияқты ғалымдар мен жазушылар ...

    Толығырақ »

    «Авестадағы» ортаазиялық атаулар

    Өткен басылымдарда «Арийлер. Олар кімдер?» деген мақалада зороастризм дінінің қасиетті кітабы «Авестаға» негізделіп, Арийлер этносының пайда болып, дамыған орталығы Орталық Азия болғанын дәлелдейтін деректер келтірген болатынбыз. Енді сол ойымызды жалғастырып, «Авестада» кездесетін Орталық Азиядағы кейбір географиялық атамаларға тоқталайық.Видевдаттың бірінші бөлімінде Спитама Заратуштра пайғамбарға Ахура-Мазда тәңірі өзі жаратқан үлкенді-кішілі 16 ел туралы әңгімелейді. Олардың біріншісі: «Арианам-Байда (Арианам Вайджа) – «арийлықтар елі», ...

    Толығырақ »

    Оймақ ауыз, күлім көз Құндызша

    Халық арасында кең тараған «Қарқабат» дастанының оншақты нұсқасы белгілі. Дастанның ең көне қолжазба нұсқалары Батыс Қазақстанда табылған. Олар, негізінен, «Шеризат-Күлшат» деп аталады. 1870-1880 жылдары қағазға түсірілген қолжазба Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақтаулы, 309-папка, жинаушысы – З.Сейітғаппарова. «Қарқабат» дастаны Қарқабат және Зұлмат есімді адамдардың балаларының арасындағы шынайы махаббат жырымен көпшілікке ұнамды. Ал жастар әкелерінің арасындағы түсініспеушіліктің нәтижесінде өмірде бірталай қиындықтар ...

    Толығырақ »

    Сөзтаным

    Қазақтың көрген-баққаны, естіп-ұққаны, сеніп-тұшынғаны – бәрі-бәрі тілінде тұр. Өмір үйреткен тәжірибесі ауыздан-ауызға тараған фольклорында, одан бергі дәуірлерде арындап өткен от ауызды алдаспан жыраулар поэзиясында, ел, жер, тіпті тұтас ұлт мәселесін өрелі ойына өрнекті сөзін бұлтартпас дәлелімен қоса беретін сұңғыла би-шешендер сөзінде өрілген. Бір сөзбен айтқанда, көшелі сөзінде, таңбалы жазу-сызуында өзіне тән мәдениетін, өзі жасаған тарихын, өзі түзген әдебиетін қалдыра білген. «Ана ...

    Толығырақ »

    Бата — тілектің анасы

    Қазақ – батаға ерекше мән беріп, құрметпен қараған халық. «Жауынменен жер көгерер, батаменен ел көгерер», «Бата – тілектің анасы» деп бекер айтпаған аталарымыз. Наурыз – нағыз тілек пен игі сөздің ең көп айтылатын кезі.  Дегенмен, қазіргі күні ел арасында «бата беретін ақсақалдарымыз азайып бара жатыр» деген пікірлер жиі айтылып жүр. Бұл пікірдің қаншалықты шындыққа жанасатынын білу үшін біз халыққа қызмет ...

    Толығырақ »

    «Ұшынан екі беттің қаны тамған»…

    «Ақбөпе-Сауытбек» дастанындағы Ақбөпе өмірде болған адам. Ол 1875 жылы бұрынғы Жамбыл облысының Шу ауданында туған. Айтыстарға қатысқан ақын, әнші ретінде есімі тарихтан белгілі. Ал, ғашықтық жырды бізге жеткізген Белгібай Бектұрғанұлы дейтін азамат. Қыпшақтан шыққан еді сол сұлу қыз,Әнші, ақын, аты Ақбөпе шолпан жұлдыз.Жері жоқ тұлғасының келіспеген,Ақтамақ, алма бетті, алқызыл жүз.Қазақтың қызды желге бетін өпкізбей аялап өсіретіні баршаға аян. Біз жырды ...

    Толығырақ »

    Бұлғын-Сусар

    Бұл – ел арасында кең таралған аңыз. Жырға кім айналдырғаны белгісіз. Жыр ел арасында ауызша және қолжазба күйінде сақталған. Дастанның мәтінін Алтай аймағы, Шіңгіл ауданының тұрғыны, “Астық” мекемесінің қызметкері Қабыл Шәмілұлының айтуынан жазып алып, баспаға әзірлеген сол ауданда тұратын Мәдениет үйінің қызметкері, белгілі айтыс ақыны – Құрманбек Зейтінғалиұлы. Дастан алғаш рет 1991 жылы «Іле халық баспасынан» жарық көрген “Шіңгіл ауданының ...

    Толығырақ »