• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Сөз – құдірет (страница 4)

    Сөз – құдірет

    Ұрпақ болашағына ұлт жауапты

     Біздің еліміздің мемлекет болып қалыптаса бастағанына, туын көтеріп, ордасын тіккеніне бес жарым ғасыр болыпты. Осы бір ауыз толтырып айтарлықтай уақытта Алаш жұртының алмаған асулары, шықпаған шыңдары жоқ екендігіне мына біздің кең көсіліп, еркін жайлап отырған ұлан байтақ даламыз бен заманалар ескерткіштеріндей заңғар тауларымыз, шалқар көлдеріміз, өлкемізді өрнектеген өзендеріміз куә.          Аруағынан айналайын ата-бабамыз осыншама кең, кемел, кенішті де өрісті, қасиетті ...

    Толығырақ »

    Мысқал, батпан және дирхем…

    ҚАЗАҚ, ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ ӨЛШЕМДІК АТАУЛАР   Халық тіршілігінде өлшем бірліктерінің алатын маңызы ерекше. Қарап тұрсақ, өлшем бірліктері шаруашылық істерінде, кәсіпте, сауда-саттық түрлерінде кеңінен қолданыс тапқан. Бұл ретте, қазақ пен түрік халықтарының өлшем бірліктеріндегі өзара ұқсастықтардың, ортақ нұсқалардың бар екенін айта кеткен жөн. Мәселен, арпа, шымшым, мысқал, қадақ, батпан, т.б. өлшем түрлерін бауырлас халықтардың сөздік қорларынан көптеп кездестіруге болады. Енді осы ...

    Толығырақ »

    «Айман-Шолпан» қиссасының тілі

    XIX ғасырдың екінші жартысында «Баспа бетін көрген қисса» деген айдармен жарық көрген халықтық туындылардың бірі − «Айман-Шолпан» жыры. Бұл шығарманы ескі қазақ жазба әдеби тіл үлгілеріне жатқызуымыздың себебі, біріншіден, оның фонетикалық-орфографиялық жүйесінде көне түркі әдеби тілі дәстүрінің сақталуы болса, екіншіден, оның лексикасында ескі қазақ тілі сөздері мен араб-парсы элементтерінің жиі кездесуі, сондай-ақ көне түркі тілдік жалғау-жұрнақтардың ішінара ұшырасып қалатындығы. Жыр ...

    Толығырақ »

    Қазақтың жазба әдеби тілінің қалыптасу кезеңі

    Қазақ халқы басқа түркі халықтары тәрізді бірнеше ғасыр бойы басын Орхон-Енесей жазбаларынан алатын түркі әдеби тілін пайдаланды. Бұл тіл барлық уақытта біркелкі болған жоқ. Тарихи кезеңдерде үстемдікке ие болған тайпалар тілінің, сондай-ақ араб және парсы, моңғол тілдерінің әсеріне ұшырады. Алайда оның негізгі лексикасы мен грамматикалық құрылысы сақталып отырды. Бұған араб жазуының әмбебаптығы (универсалдығы) да себепші болса керек. Кейінірек Шыңғыс хан ...

    Толығырақ »

    Мырзақоспақ

    Табиғаттың әрбір жаратылысына жете мән беріп, өз өмірімен шебер үйлестіре білген дана халқымыз төрт түліктің де бабын жетік білген ғой. Күнделікті тұрмыс-тіршілігінің қажетіне жаратып қана қоймай, төрт түліктің әрқайсысын баптап күтудің де негіздерін қалыптастырған. Бұл бүгінгі зердемен қарайтын болсақ, том-том ғылыми еңбектер жазуға болатын білім көздері. Көшпелі ғұмыр салттың өзіндік дәстүрлері төрт түліктің төл атауларының да молынан жасалуына негіз болғаны ...

    Толығырақ »

    Сүт тайлақ

    Халқымыздың тілдік қорында түйе атауына байланысты көптеген сөздер мен сөз тіркестері молынан ұшырасады. Бұл түйе жануарының қазақ халқының шаруашылығындағы алар орнының ерекше екенін білдіріп тұрғаны анық. Олай болса, түйе түлігіне қатысты атауларға, ол атаулардың қандай мән-мағына беретініне тоқталайық. Соқтан. Соқтан деп қазақ төрт жасқа шығар дөнен бураны айтқан.Тығыршын. Төрт жасқа шығар әлі қайымаған ұрғашы түйеге берілген атау. Бұл сөздің халық ...

    Толығырақ »

    «Алпамыс батыр» жырындағы тектілік мәселесі

    Ұлтанды құл деп таныстырып, оның сүйкімсіз етіп көрсетілгені 1956 жылғы дау-дамайда «Алпамыс» жырын сынап, халықтық сипаты жоқ деген ой айтуға итермелеген. Бірақ бұл образ туралы М.Ғабдуллин: «Оның ұнамсыз бейнеде алынуы Ұлтанның құл болғандығында емес, ісінде. Тіпті жырдың қай вариантын алсақ та, Ұлтан шын мәніндегі құл да емес. Ол – Алпамыстың немересі, Құлтайдан туған бала. Ұлтан өсе келе, Алпамыс секілді ел ...

    Толығырақ »

    Қыз Құртқа

    Батырлар жыры – ел қорғаған ерлердің батырлығын жырлаған тарихи өлең сөз ғана емес, қазақ тілінің қайнар бұлағы. Онда ел мен жер үшін болған егестің, басын оққа байлаған батырдың, тұяғы алтын тұлпардың, адал жар болған арудың суреті жатыр. Ол – сөз суреті. Мұнда қазақ әйеліне ғана тән даналық, даралық, тектілік, көрегендіктің көркем образы сомдалған. Діні пәс тартып, тілі жұтаңдаған бүгінгі қазаққа ...

    Толығырақ »

    Қалай шешен боламыз?

    Ел болып етек-жеңімізді жиғалы бері барымызша сынығымызды жалғап, жыртығымызды жамап келеміз. Біраз жылдың жүзі болды, дәстүрлі мәдиниет те, ақындық өнер де кеңінен насихаттала бастады. Сонымен бірге шешендік өнер туралы пікірлер де жиі айтылып жүр. Тіпті шешендік өнер деген пәнді мектептегі бастауыш сыныптарға да бекітіп қойдық.Осы шешендікті біз қалай түсініп жүрміз? Шешендік – тапқыр сөйлеу өнері дейміз. Сол себепті де әдемі ...

    Толығырақ »